Satbayev University сейсмикаға төзімді құрылысты дамытуды жалғастыруда
Satbayev University Т.К. Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институтының "Құрылыс және құрылыс материалдары" кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Абаканов Миркен Сейтқасымұлы - Қазақстан Республикасындағы Еуразиялық сейсмикалық қауымдастықтың өкілі, Халықаралық Инженерлік академиясының корр мүшесі, "Сросэкспертиза" Ұлттық сараптамалық бірлестігінің ғылыми-техникалық сараптамалық кеңесінің төрағасы, — 2023 жылдың 24-26 қазанында Новокузнецк қаласында өтетін «Сейсмикалық аймақтардағы жобалау мен құрылыстың өзекті мәселелері» тақырыбындағы Төртінші Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында сөз сөйлейді.
Конференция Ресей Федерациясының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы министрлігінің Орталық ғылыми-зерттеу және жобалау институтымен, Сейсмология, сейсмикаға төзімді құрылыс және табиғи апаттардан қорғау жөніндегі Еуразиялық қауымдастығы және Ресейдің басқа сараптамалық ұйымдарымен бірлесе отырып Satbayev University ұйымдастыруымен өтеді.
Конференцияның мақсаты — Кемерово облысындағы Кузбасстағы қала құрылысын дамыту мен құрылыстың нормативтік – әдістемелік аспектілері, агломерациялық дамудың тірек нүктелері ретінде биік және ғимараттарды жобалау, тұрғызу, сәулетшілердің, қала құрылысшыларының, құрылысшылардың, мамандар мен сарапшылардың ғылыми-техникалық және іскерлік ынтымақтастығы мәселелерін, келешегін, ұйымдастырушылық-техникалық мүмкіндіктерін, проблемаларын талқылау. Конференция қорытындысы жер сілкіністерінен қорғау және апаттар қаупін азайту бойынша жаңа стандарттар мен техникалық шарттарды әзірлеу болады.