27 қыркүйек 2023 1799

Satbayev University студенті Александра Ле Азия ойындарында қола медаль иегері атанды

Satbayev University студенті Александра Ле Азия ойындарында қола медаль иегері атанды

Жобаларды басқару институтының «Бизнес-инжиниринг» мамандығы бойынша 2-курс студенті Александра Ле Қытайдағы XIX жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. 

Ол пневматикалық мылтықпен он метрден оқ ату бойынша аралас командалық жарыста 3-орын үшін бақ сынады. Жартылай финалда құрамында Александра Ле мен Иран Сәтбаев бар команда 17:11 есебімен жеңіске жетіп, «қоланы» жеңіп алды.

Бұл Қазақстан үшін осы Ойындарда алынған алтыншы марапат болды. Ұлттық құраманың қоржынында бес қола медаль және бір «күміс» бар.

Ле Александра Алматыдағы Республикалық спорт колледжін бітірген. Барлық мәдени, спорттық және білім беру іс-шараларына белсенді түрде қатысады. 2022 жылы Жобаларды басқару институтының «Бизнес-инжиниринг» білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсті. Оқ атудан халықаралық деңгейдегі спорт шебері.

Александраның спорттық жолы, Қазақстан Республикасы чемпионатына қатысуын қоса алғанда, өте таңданарлық, аталмыш чемпионатта ол алтын медаль, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, сондай-ақ Оңтүстік Кореяда өткен Азия чемпионатында 2 қола медаль жеңіп алып, 3-орынға ие болды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту