Ақпарат:

9 қазан 2017 8965

Satbayev University студентінің жобасы үздіктер қатарында

Satbayev University студентінің жобасы үздіктер қатарында

«Almaty Tech Garden Fair, 2017» Халықаралық үшінші технофестиваль аясында 23 қыркүйек күні «Стартап батл» инновациялық жобаларының Алматы қалалық  байқауы өтті. Бұл байқауға Сәтбаев университеті Жоғары технологиялар институтының 4-курс студенті Тимур Сүлеев де қатысып, өзінің қолданыстағы «Print3DHUB» жобасын ұсынған болатын. Тимурдың жобасы ең тиімді жоба атанып, ол үздіктер қатарына ілінді.  

Жоба шығарылатын өнімнің шексіз спектрлі өндірістік желісін жасауға бағытталған. Желінің жұмысы 3D-баспасының мүмкіндіктерін қолдануға негізделген, оның көмегімен 200х200х315 мм көлемдегі пластиктен, металдан және сұйық полимерлерден кез келген пішінді жасап шығаруға болады. Сәтбаев университетінің базасында мұндай желі жинақталып, жұмыс істеуде. Ол дәстүрлі әдіс арқылы жасауға қиындық тудыратын көптеген детальдарды оңай әрі тез арада жасауға мүмкіндік береді, уақытты да үнемдейді. Сонымен қатар бұл жаңа әдіс бір данадан бірнеше данаға дейін өнім өндіруге, әрі оның нарықтық құнын 3–5 есеге азайтуға да мүмкіндік беріп отыр.

Сөйтіп, Тимурдың жобасы елімізде 3D-баспасы технологиясын дамытуға және Қазақстанда осы саладағы тұңғыш зауыттың іргетасын қалауға жол ашып отыр. Ол зауыттың мүмкіндігі – кез келген өнімді адамның көмегінсіз-ақ, роботтарды пайдалана отырып өндіру. «Осы уақытта дейін біз бәсекелестерімізді ылғи да қуып жетуге тырысатын едік, енді бұл салаға инновациялар енгізетін халге жеттік», – деді Тимур өз жобасы туралы.

«Tech Garden Стартап батл» байқауында Тимур ірі-ірі компания өкілдерімен тең дәрежеде сайысты. Оның жобасы өте жоғары бағаланып, Алматы қаласының үздік жобалары қатарында «Стартап аллеясынан» орын алды. 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту