Satbayev University студенттердің ғылыми жұмыстары жыл сайынғы республикалық байқауының II кезеңін өткізеді
2021 жылы Сәтбаев Университеті «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттерінің ғылыми жұмыстарына арналған Республикалық жыл сайынғы байқауының II кезеңін өткізеді және байқаудың университетішілік кезеңінде жоғарғы нәтиже көрсеткен конкурстық жұмыстардың авторларын қатысуға шақырады. Байқаудың II кезеңіне қатысуға университеттерден өтінімдер қабылдау 2021 жылдың 12 сәуіріне дейін жалғасады.
Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының екінші кезеңі 2021 жылы 20 сәуірде Microsoft Teams платформасында қашықтан өтеді.
Байқаудың II кезеңіне қатысу үшін университеттер өтінім беруі және келесі құжаттар пакетін конкурстық комиссияға жіберуі керек:
- Ғылыми жұмыс;
- Ғылыми жұмысқа аннотация;
- Жетекшінің орындалған жұмысы бойынша пікірі (еркін түрде);
- Автор(лар) мен ғылыми жетекші туралы ақпарат;
- Конкурстың бірінші кезеңінің нәтижелері туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе университеттің ғылыми кеңесінің конкурсқа жұмысты ұсыну туралы шешімі, ол хаттамамен ресімделеді.
студенттердің ғылыми жұмыстарына қойылатын талаптар:
- Жұмыс көлемі 30 беттен аспауы керек,
- аралық (интервал) - бір жарым,
- жұмысқа бекітілген суреттер мен иллюстрациялар стандартты өлшемдегі парақтарда орналасуы керек.
Барлық сұрақтар бойынша келесі нөмірлерге хабарласыңыздар
Гульзат Айткалиева +7 7071225811, g.aitkaliyeva@satbayev.university
Валерия Аюкаева +7 7012180421, v.ayukayeva@satbayev.university