11 қараша 2021 2345

Satbayev University студенттері Алматы қалалық ортасын жайластырудың өзекті мәселелері бойынша өздерінің сәулет дипломдық жобаларын ұсынды

Satbayev University студенттері  Алматы қалалық ортасын жайластырудың өзекті мәселелері бойынша өздерінің сәулет дипломдық жобаларын ұсынды

2021 жылдың 5 қазанында Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика Басқармасының көрме залында «Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтының қолдауымен Satbayev University (Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті) Сәулет мектебі түлектерінің 2021 жылғы үздік дипломдық жобаларының көрмесінің ашылуы өтті.

Барлық жобалар Алматы қаласы үшін өзекті тақырыптарға арналған. Экспозиция студент кезінен бастап туған қаласын көркейтуге алаңдайтын және өзінің барлық талантын, алған білімі мен дағдыларын заманауи жайлы және эстетикалық қала ортасын құруға бағыттайтын жас сәулетшілердің шығармашылық ұмтылыстарын көрсетеді.

Ашылу салтанатына Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев, Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов және «Алматы бас жоспары» ҒЗИ директоры Шахмұрат Сыздык қатысты.

Қатысушылар ұсынылған экспозициямен үлкен қызығушылықпен танысты және әрбір жоба бойынша талқылауға белсенді қатысты.

Бірнеше жұмыс бөлек атап өтілді. Бұл бұрынғы «Саяхат» автовокзалы ауданындағы қалалық ортаны реновациялау жобасы (профессор Алексей Абилов пен Владимир Яскевичтің жетекшілігімен «Сәулет» кафедрасының студенттері, магистранттары мен докторанттары орындады); Алматы қаласындағы хайуанаттар бағын қайта құру жобасы (дипломант Айдана Ағыбай, жетекшісі Лариса Сидоренко); Сәтбаев университеті кеңістіктерін ландшафтық ұйымдастыру жобасы (дипломант Элеонора Кист, жетекшісі Вероника Мұсабаева).

Сондай-ақ университеттің академиялық ортасының біздің туған Алматының әкімшілігімен және жұртшылығымен одан әрі тығыз ынтымақтастығы мәселелері қозғалды.

Бұл іс-шара жас сәулетшілердің идеяларын көпшілікке ұсынып қана қоймай, кәсіби мамандардың назарын аударуға және біздің түлектеріміз үшін бастапқы алаң болуға көмектеседі.

Көрме ұзақ уақыт бойы ашық болады.

Кіру және қарау тегін.

Мекен-жайы: «Алматы бас жоспары» ҒЗИ көрме залы. Алматы қаласы, Абай даңғылы, 90.

Студенты Satbayev University  представили свои архитектурные дипломные проекты

Студенты Satbayev University  представили свои архитектурные дипломные проекты

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту