28 қараша 2022 3075

Satbayev University студенттері еліміздің тарихымен танысуда

Satbayev University студенттері еліміздің тарихымен танысуда

Жыл сайын Satbayev University бірінші курс студенттері жылды Қазақстан тарихымен танысу және біздің ғылым мен өнерімізді дамытатын ұстаздар мен ағартушыларға құрмет көрсету үшін Алматы музейлеріне барудан бастайды. 25 қарашада Университетте Қазақстан тарихына арналған екі экскурсия өтті.

Алғашқы экскурсия Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйінде өтті және оның жетістіктеріне арналды. Экскурсия өте қызықты болды, өйткені үй мұражайы жақында күрделі жөндеуден өтіп, ғалымның жазбаша мұрасының жаңа экспонаттары мен үлгілерімен толықтырылған.

Екінші экскурсия Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайында өтті. Студенттер «Палеонтология және археология», «Этнография», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан және диаспоралар мәдениеті», «Тәуелсіз Қазақстан» залдарына барып, Қазақстанның ежелгі палеонтологиясы, ежелгі, ортағасырлық, жаңа және қазіргі тарихы мен мәдени мұрасы туралы білді.

Жалпы музей экспозициясы музейлердің ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі қазақтардың бүкіл өмірі мен мәдениетінің "мұражайландырылған" үлгісі болып табылады және студенттерге ел өмірінің болашаққа жалғасатын біртұтас процесс ретінде түсінуге көмектеседі.

Патриотизмге тәрбиелеу, ой — өрісін кеңейту-инженерлерді оқытудың маңызды бөлігі және Satbayev University бұл міндетті толық көлемде жүзеге асырады.

Студенты Satbayev University знакомятся с историей нашей страны Студенты Satbayev University знакомятся с историей нашей страны

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту