12 мамыр 2022 4061

Satbayev University ұлт ұстазының 150 жылдығын атап өтті

Satbayev University ұлт ұстазының 150 жылдығын атап өтті

Сәуір айының соңғы күндерінде университетте Алаш қозғалысының рухани көсемі, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы, ақын, публицист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына арналған дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелде кіріспе сөз сөйлеп ашқан «Қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Қаламқас Темірқұлқызы бұндай кездесулердің жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөліне мән беріп, сөз кезегін қонақтарға берді.

Өз кезегінде ҚР Ұлттық ғылым акаемиясының академигі, т.ғ.д., профессор Х.М.Әбжанов, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мұражай-үйдің директоры, ф.ғ.к., доцент Р.С.Имаханбет және дөңгелек үстелдің басқа қонақтары Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы мен өмір жолына арналған баяндамаларын оқып, студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді.

Дөңгелек үстелге университет студенттері мен "Қоғамдық пәндер" кафедрасының оқытушылары белсене қатысты. Студент Жұмағұл Шалқар «Ұлт ұстазы еңбектерінің жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша модератор, профессор Досалы Исаханұлы қонақтарға алғыс айтып, студенттер атынан сый-сиапат ұсынды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту