24 қараша 2021 2877

Satbayev University жаңа серіктестері – «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия»

Satbayev University жаңа серіктестері – «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия»

Сәтбаев Университеті «зерттеу және инновациялық өндіріс арқылы оқыту» қағидасын жүзеге асыра отырып, Қазақстан индустриясының ірі-ірі кәсіпорындары және компанияларымен серіктестік қарым-қатынасты дамытуды жалғастыруда. Ағымдағы жылы 27 қазан күні Геология және мұнай-газ ісі институтының ұйымдастыруымен Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ өкілдері «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС өкілдерімен кездесті.

Кездесуге «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС-нің бас директор С.С. Новоселов, оның коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары А.А.Харитонов, Сәтбаев Университетінің академиялық мәселелер жөніндегі Проректоры Б. Жәутіков, ГжМГІИ директоры А. Сыздықов және «Мұнай инженериясы» кафедрасының меңгерушісі Г. Елигбаева және басқа университет қызметкерлері қатысты.

Екі жақ тараптар «ЛУКОЙЛ»-ға жұмысқа орналасу және табысты мансап құру үшін жас маманға қажетті құзыреттерді және Сәтбаев Университеті студенттеріне осындай құзыреттерді меңгеруге көмектесетін практикалық қадамдарды талқылауға назар аударды.

Сонымен қатар тараптар алдағы ынтымақтастықты, бірлескен дуалды оқытуды, өндірістік тәжірибелерді, Сәтбаев Университеті студенттеріне компания сарапшыларының дәрістерін ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Тараптар сондай-ақ мына мәселелерді де талқылады:

  • «ЛУКОЙЛ» кәсіпорнында кафедраның филиалын ашуды ұйымдастыру мүмкіндігі;
  • Университет ұйымдастыратын индустрия өкілдерінің форумына «ЛУКОЙЛ» өкілдерінің қатысуы.

Тараптар талқыланған барлық мәселелер бойынша өзара толық түсіністік танытып, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін, бірлесіп атқарылатын іс-шаралардың Жол картасын әзірлеу туралы шешім қабылдады.

«ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия» – халықаралық мұнай-газ өндіруші ірі компаниялардың бірі «ЛУКОЙЛ» компаниясының еншілес кәсіпорны. Оның еншісіне әлемдік мұнай өндірісінің шамамен 2%-ы және көмірсутектердің барланған қорының шамамен 1%-ы жатады. Сонымен қатар компания жағармай өндіріп, тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл Орталық Азияны жоғары сапалы жағармаймен қамтамасыз етеді. «ЛУКОЙЛ» майларын Қазақстан Республикасында «АрселорМиттал Теміртау», ERG Group, «Қазмырыш» және т.б. ірі компаниялар тұтынады.

Новый партнер Satbayev University – «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Центральная Азия»

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту