Ақпарат:

16 қыркүйек 2025 61

Satbayev University және «Almaty Air Initiative» жеке қоры Алматыдағы ауа сапасын жақсарту үшін консорциум құрады

Satbayev University және «Almaty Air Initiative» жеке қоры Алматыдағы ауа сапасын жақсарту үшін консорциум құрады

Satbayev University және «Almaty Air Initiative» жеке қоры ауа сапасы саласындағы бірлескен зерттеулер, білім беру бастамалары және қалалық технологиялық шешімдерді енгізу үшін жаңа платформаны ашатын консорциум туралы келісімге қол қойды.

Satbayev University үшін таза ауа тақырыбы – стратегиялық басымдық. Бұл студенттер мен қызметкерлердің денсаулығы, қалалық өмір сапасы және университеттің Алматы қаласы алдындағы жауапкершілігі мәселесі.

Университет «Almaty Air Initiative» жеке қорының кәсібилігіне, жүйелілігіне және ауа сапасы күн тәртібін ілгерілетудегі көшбасшылығына алғысын білдіреді. Қор ендірген ғылыми сараптама мен азаматтық белсенділік білімді нақты өзгерістерге айналдыруға мүмкіндік береді.

Консорциум қала мен академиялық қауымдастық үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Жақын перспективада тараптар:

  • қалалық эко-зертхана құрып, таза ауаға арналған шешімдер бойынша хакатон өткізуді;
  • ауа сапасы, ESG және қалалық экология бойынша бірлескен ҒЗТКЖ мен оқу модульдерін іске асыруды;
  • цифрлық урбанистиканы дамыту (соның ішінде таңдалған ауданның цифрлық егізін модельдеуді) жоспарлайды.

Консорциум одан әрі дамып, кеңейтілетін болады: Алматының басқа университеттерін қатысуға тарту, құзыреттерді біріктіру және үздік тәжірибелерді кампустан қалаға тарату жоспарлануда.

«Satbayev University үшін таза ауа – денсаулық пен өнімділіктің шарты. Біз Almaty Air Initiative-пен күш біріктіріп, өлшеулер мен зерттеулерден әр алматылық сезінетін практикалық шешімдерге өтеміз», – деп атап өтті Satbayev University Ректоры.

«Біз шешімдерді әзірлеу және масштабтау ісінде университеттік қауымдастықтың әлеуетін жоғары бағалаймыз. Satbayev University-пен әріптестік – жүйелі өзгерістер мен қала тұрғындарын тартуға жасалған қадам», – деп пікір білдірді қордың Атқарушы директоры Жұлдыз Саулебекова.

Satbayev University және «Almaty Air Initiative» жеке қоры Алматыдағы ауа сапасын жақсарту үшін консорциум құрады

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту