30 тамыз 2021 3763

Satbayev University және Arizona State University – тұрақты даму мақсатында ынтымақтастық орнатуда

Satbayev University және Arizona State University – тұрақты даму мақсатында ынтымақтастық орнатуда

АҚШ-тың мемлекеттік ірі университеті Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым-қатынас  орнатуда. Киберқауіпсіздік, қоғамның тұрақты дамуындағы жоғары білім жүйесінің рөлі, ғылым саласындағы ынтымақтастық қарым-қатынас, атап айтқанда, ғылыми жобаларды іске асыру үшін тығыз байланыс орнату және бірлескен жұмыс топтарын құру – осы және басқа да мәселелерді Аризона мемлекеттік университетінің (ASU, АҚШ) делегациясы Сәтбаев Университетінің басшылығымен кездесу барысында талқыланды.

Кездесуге қатысушылар басым бағыттар бойынша ынтымақтастыққа толық дайын екендіктерін білдіріп, қызығушылық танытты. Төтенше жағдайлар мен ұлттық қауіпсіздікті басқару жөніндегі (Emergency Management and Homeland Security) магистрлік бағдарламалардың жетекшісі Брайан Гербер Аризона мемлекеттік университетінің қызметі туралы ақпаратпен бөлісті және АҚШ пен Қазақстан университеттері арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас жолдарын белгіледі. Атап айтқанда, Аризона мемлекеттік университеті 10 жылға дейін экономиканың әртүрлі салаларындағы қатерлерді болжау мақсатында зерттеулер жүргізуге мүдделі.

Satbayev University и Arizona State University (ASU) – сотрудничество в целях устойчивого развития

Аризона мемлекеттік университеті – АҚШ-тың мемлекеттік ең ірі университеті. ASU инновациялар жөніндегі U.S. News & World Report рейтингі бойынша АҚШ-тың № 1 университеті болып табылады және АҚШ-тағы халықаралық студенттер арасында алдыңғы қатарлы 10 жоғары оқу орындарының бірі, сондай-ақ бакалавриаттың онлайн бағдарламалары бойынша үздік 10 университеттің қатарына кіреді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту