Satbayev University және Fashion индустрия – жеке дизайн Академиясының ашылуы және оның дамуындағы алғашқы қадамдар
Satbayev University 5 қазанда әйгілі қазақстандық дизайнер Меруерт Шакербайдың "Feater Fall" күзгі-қысқы капсулалық киім топтамасын ұсынады.
ShakerBay брендінің сән көрсетілімі Т. Басенов атындағы сәулет және құрылыс институтының Сәулет кафедрасығы дизайн академиясының ашылуына арналған.
Дизайн академиясының жұмысының мақсаты-сәулетші, дизайнер мамандықтарына тән әлеуетті мүмкіндіктерді ашу. Оқу курсына қолданбалы мамандықтар енгізілді, олар студенттерге жаңа міндеттерді шешуге, қосымша практикалық дағдыларды игеруге, өзін-өзі ұйымдастыруға және жеке әлеуетті жандандыруға қолайлы жағдай жасауға көмектеседі.
Коммерцияландырудың жобалық бағыттары:
- Сән дизайны, тігін тоқыма өндірісі;
- Құмыра және керамика өнері;
- Кәдесый өнімдері;
- Дизайнерлік полиграфия;
- Архитектуралық макеттеу;
- Satbayev University кеңістіктерін қайта құру жобалары;
- Қасбеттік және интерьерлік граффити және фрескалар;
- Қолданыстағы ғимараттарды пайдалануды оңтайландыру үшін BIM-жобаларын әзірлеу.