Ақпарат:

9 қараша 2017 11436

Студенттердің жағдайлары жақсаратын болады

Студенттердің жағдайлары жақсаратын болады

Сәтбаев университетінің Студенттер мәселесі жөніндегі департаменті студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары туралы сауалнама жүргізіп, олардың жағдайларын жақсарту шараларын жүргізуді қолға алды. Бұл сауалнамаға студенттер белсенді түрде қатысып, өздерін мазалайтын мәселелерге университет әкімшілігінің назарын аудартты. Осы сауалнаманың нәтижесінде ректор аппаратының бастығы Берік Мықтыбаевтың төрағалық етуімен әкімшілік кеңесі өтіп, онда университеттің оқу корпустары мен жатақханаларының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту жөнінде жүргізілетін іс-шаралардың жұмыс жоспары талқыланды.

Жоспар бойынша, 2018 жылы Бас оқу корпусының барлық санитарлық орындарына  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 70 дәріс бөлмелеріне жаңадан оқу тақталары ілінетін болады. жылу беретін корпус толығымен күрделі жөндеуден өтеді. Студенттер үшін барлық оқу корпустарында қосымша демалыс орындары ашылады. Сондай-ақ студенттерді ыстық тағаммен қамтамасыз ететін тағы да бір асхана ашылады (қазірдің өзінде университеттің әртүрлі корпустарында орналасқан 7 асхана бар). Жазғы демалыс кезінде жатақханаларға толықтай жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа тоңазытқыштар орнатылатын болады. Міне, осылайша студенттер тарапынан көтерілген тұрмыстық мәселелердің бәрі қарастырылды.

Айта кететін жайт, студенттер көтерген мәселелердің бірі –  сабақ кестесін қайта қарау мен киім ілгіш мәселесі болатын. Университетке қатынайтын адам санының көптігіне байланысты киім ілгіш ашу мәселесі өте қиынға соғады, ал сабақ кестесін өзгерту де мұғалімдер мен студенттік топтар санының көптігіне байланысты әзірге мүмкін емес. Дегенмен, университеттің ішкі тәртіптік ережесі бойынша, егер де студенттердің сабаққа толықтай қатыспаушылық пайызы 20%-дан аспайтын болса, онда олар сабаққа еркін түрде қатысу мүмкіндігіне ие бола алады.     

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту