Үздік стартап жобалар

3d печать

Сәтбаев Университеті инновацияларды нақты өмірге енгізе отырып, ғылыми жобаларды коммерцияландыру бойынша жұмыстарды белсенді түрде жүргізуде. Кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру үшін, университет барлық жағдайларды жасауға дайын және бизнеспен ынтымақтастық қарым-қатынас жасауға жаңа, әрі жұмыс істеп тұрған стартаптар аясында әрдайым ашық.

Ынтымақтастық қарым-қатынас жөнінде Коммерциализациялау кеңсесіне мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 320-40-22, +7-777-398-89-47.

 

Пельтье элементтері бар портативті пеш

Пеш өркениеттен тыс жерлерден электр қуатын алуға көмектеседі, мысалы, тауда, аң аулау, балық аулау, жаяу және велосипедпен саяхатқа шыққан кезде. Күн панельдері мен портативті жел генераторлары да сондай мәселені шешеді, бірақ олар ауа райы жағдайына өте тәуелді болады. Сәтбаев Университетінің ғалымдары жасаған пеш аталмыш жағдайларға қарамастан, кез келген жағдайда ұялы телефонды зарядтау үшін жарық, жылу және тұрақты электр тогымен қамтамасыз етіп отырады.

Команда: Диас Жолдасбеков, Тахир Ахмеджанов, Ахмет Мұқашев.

 

Әйнек оптикасына қатты қабатты орналастыруға арналған робот кешені

Ұсынылып отырған циклдік әрекетті робот кешені ұзаққа созылатын көпқабатты линзаның сапасын айтарлықтай жақсартуға, өткізілетін жарық мөлшерін арттыру арқылы көзілдірік линзасының мөлдірлігін арттыруға және жарық сәулелері шағылысқан кезде пайда болатын жарқырау мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Робот кешені өнеркәсіптік линзалар, көзілдірік, экстремал спортшыларға арналған көзілдірік, бинокль және т.б. заттарды жасаған кезде қолданылады.

Команда: Жігер Ғалымбекұлы, Ернар Адалбекұлы, Дидар Серік, Жаннұр Айсанов.

 

Қызылиек сезімталдығын өлшеуге арналған құрал

Қызылиек сезімталдығын өлшеуге арналған сандық құрал тіс протезін жасау кезінде қызылиек пен тіс протезінің арасындағы оңтайлы қашықтықты анықтайды.

Команда: Ақжол Нұрданелі, Мадияр Рысбеков, Лесбек Жақыпбекұлы.

 

«Science қызметтері» мобильді қосымшасы

Аталмыш қосымша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жөніндегі, ескі және жаңғыртуды талап ететін ғылыми жабдықтарды есепке алу жөніндегі бірыңғай деректер базасының жоқтығы туралы, ғалымдардың және басқа да тапсырыс берушілердің қызметтеріне қолжетімділікті, сайып келгенде, ғылыми мекемелердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі жөніндегі мәселелерді шешеді.

Команда: Тұнық Идрисова, Қазыбек Аймағанбетов.

 

Электрлік көліктер мен электротехниканы зарядтауға арналған гибридті күн электр станциясы

Күннен қуат алатын станцияларды өндіру қалалардағы энергетикалық желілерге салынатын жүктемені азайту мәселесін шешеді және электромобильдердің дамуына ықпал етеді.

Команда: Ақылбек Көбекбаев, Андрей Белогур.

 

Тамаша дизайнда жасалған декоративтік шамдар

Тамаша дизайнерлік шамдарды, үстел шамдарын, люстраларды, гирляндаларды, түнгі шамдарды, мейрамханаларға, қонақ үйлерге, сауда орталықтарына және басқа да компаниялар мен үйлерге арналған көше шамдарын арнайы өндіру қаланың эстетикасын арттырады және Қазақстанда ерекше шамдар жасау ауқымын кеңейтеді.

Команда: Алинура Қабылбекова, Абылай Қожыкенов, Рустам Рысханов, Айдар Абдукаримов, Әділ Шалғынбаев.

 

«Инновациялық алюминий қорытпаларын өндіру»

Жетекші: т.ғ.д. Смағұлов Дәулетхан Улиялович.

«Инновациялық алюминий қорытпаларын өндіру» жобасы Коммерцияландыру кеңсесінің қолдауымен «Ғылым қоры» АҚ-ы тарапынан гранттық қаржыландыруға ие болды. Осы жобаны іске асыру аясында жұмыс температурасы 300–350°С болатын деформацияланған жаңа алюминий қорытпасы ойлап табылды. Плазмалық электролиздік тотықтырудың (ПЭТ) инновациялық технологиясы жасалып, іске қосылды. Алюминий қорытпасынан жасалған, наноқұрылымды керамикалық сақтандырғыш қабаты бар, электрлі ортадан тепкіш насостың жұмыс нұсқалары жасалынды. Ашық дөңгелегі бар ықшамдалған сатының конструкциясы жасалды. Бәрінің патенттері тіркелді. Жылдық өнімділігі 420 сатыға тең плазмалық электролиздік тотықтырудың тәжірибелі зерттеу құрылғысы орнатылды.

 

«Рұқсат етілмеген қол жеткізуден сақтайтын құрылғы»

Жетекші: т.ғ.к.Сейлова Нұргүл Абадуллаевна.

Бизнес-серіктес: «ТочПрибор» ЖШС.

«Рұқсат етілмеген қол жеткізуден сақтайтын құрылғы» жобасы Коммерцияландыру кеңсесінің қолдауымен «Ғылым қоры» АҚ-ы тарапынан гранттық қаржыландыруға ие болды. Рұқсат етілмеген қол жеткізуден сақтайтын құрылғы мемлекеттік және жеке меншік құрылымдарда құпия деректердің қауіпсіздігін сақтау үшін қолданылады. Рұқсат етілмеген қол жеткізуден сақтайтын құрылғының артықшылығы – оның икемділігі мен жан-жақтылығы, аз шығындығы. Мұның бәрі жинақтала келе, мемлекеттік және жеке меншік құрылымдарда құпия деректердің қауіпсіздігін сақтау үшін жұмсалатын шығындар мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.      

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту