Сәулет және қала құрылысы
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Инновациялық білім беру бағдарламасы. Сәулет және қала құрылысы саласындағы ғылыми, эксперименттік-зерттеу, педагогикалық қызметке бағытталған ғылыми кадрларды дайындайды. Түлекке PhD докторы академиялық дәрежесі беріледі, Еуропалық комиссия, Еуропа кеңесі және ЮНЕСКО/СЕПЕС стандарты бойынша дипломға қосымша беріледі. Дипломға еуропалық қосымша ағылшын тілінде жеке сұраныс бойынша толтырылады және тегін беріледі.
Кәсіби даярлау жөніндегі бағдарлама PhD докторларын даярлаудың аккредиттелген бағдарламаларын іске асыратын шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың тәжірибесін зерделеу негізінде әзірленген. Бейін бойынша докторды дайындау іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығын және ғылымның келесі бағыттары бойынша пәндерді тереңдетіп оқытуды ұсынады: тұрғын және қоғамдық мақсаттағы сәулет объектілерінің типологиясы мен тарихы, тұрғын үйдің әлеуметтік/мәдени антропологиясы, қазақстандық сәулет тарихы, қала құрылысы/урбанистика. Оқу бағдарламасының соңында докторанттар тәжірибелік және өндірістік практикадан өтеді, олардың мазмұны докторлық диссертацияның тақырыбымен анықталады.
Докторанттар ғылым мен кәсіби қызмет саласында ең озық деңгейде білім алады. Қызметті дамыту үшін қажетті ақпаратты бағалау мен іріктеуді үйренеді. Осы саланың ең алдыңғы шебінде тұрған жаңа күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу үшін арнайы білімді пайдаланатын болады. Нақты сала шеңберінде немесе салалардың түйісу шеңберінде алған білімдерін және/немесе кәсіби практиканы кеңейтеді немесе қайта пайымдайды. Инновациялық-кәсіптік қызмет саласында әдіснамалық білімге ие болады және оқыту процестерін түсінудің жоғары деңгейіне көтеріледі.
Түлектер ғылыми және басқару қызметінде ғылыми-өндірістік орталықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында, кәсіпорындар мен мемлекеттік емес сектордың мемлекеттік басқару органының бөлімшелерінде жұмыс істей алады; сәулет-құрылыс бейіндегі жоғары, кәсіптік-техникалық оқу орындарында білім беру қызметін жүргізе алады; аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде, облыстық және аудандық әкімдіктерде, әртүрлі меншік нысанындағы сәулет құрылымдарында білікті басқарушы менеджерлер бола алады.