Ақпарат:

Биотехнология

Деңгейі
Бағасы
1 500 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
biotekhnologiya
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

М082 Биотехнология

Биохимия

Биотехнология негіздері

Заманауи биотехнология, молекулалық және жасушалық биология саласына қажетті мамандарды даярлау бағдарламасы.

Биотехнология ғылым ретінде жасушалық және молекулалық биологияның, молекулалық генетиканың, биохимияның және биоорганикалық химияның қиылысында орын алып тұр. Биотехнология мамандары қазіргі таңда күрделі ауруларды ерте диагностикалау және оларды емдеу мақсатында өнімдердің, өсімдіктердің, витаминдердің, препараттардың жаңа сорттарын жасау үшін гендік инженерияның ғылыми әдістерін қолдана отырып, тірі биологиялық организмдерді, олардың жүйелері мен процестерін пайдаланады.

Студенттер биотехнологияда зерттеу әдістемесін қолдануды, бағдарламаланған қасиеттері бар жаңа генетикалық даму бағдарламаларын және генотиптерді құруды және оларды өзгертуді, тірі жүйелер мен ағзаларға қатысты жаңа функцияларды жобалап, іске қосуды, қысқартылған немесе жоғалған биологиялық және экологиялық функциялардың орнын толтыру үшін биологиялық даму бағдарламалары мен реконструкциялық технологияларын түзету құралдарын жасауды үйренеді.

Биотехнологтар ғылыми-зерттеу институттары мен конструкторлық ұйымдарда, микробиологиялық, фармацевтикалық және тамақ өнеркәсібі орындарында, сондай-ақ биотехнологиялық өндірістің жұмысын, қоршаған ортаның жай-күйі мен биологиялық өнімдердің сапасын бақылайтын және қадағалайтын ұйымдарда биохимик, биолог, вирусолог, микробиолог болып жұмыс істей алады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту