Ақпарат:

Геокеңістіктік цифрлық инженерия

Деңгейі
Бағасы
1 500 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

M123 Геодезия

Геодезия

Картография

M128 Жерге орналастыру

Геодезия

Жер ресурстарын басқару

Бағдарлама геодезия, картография, геоинформатика, жерге орналастыру және маркшейдерлік іс кәсіпорындары үшін зерттеулермен және әзірлемелермен іргелі физика-механикалық және тәжірибелік-бағытталған инженерлік-техникалық білімді интеграциялау негізінде сандық технологиялар саласында әлемдік деңгейдегі құзыреттілікке ие ғылыми-техникалық және инженерлік кадрларды даярлауға бағытталған.

Түлектерге 1,5 жылдық оқу нәтижесінде техника мен технология бойынша магистр дәрежесі немесе 2 жылдық оқу нәтижесінде техникалық ғылымдар магистрі  академиялық дәрежесі беріледі.

Магистранттар геодезия және картография саласындағы геоақпараттық жүйелер, қазіргі картографияның теориясы мен әдіснамасы мәселелері, жерге орналастырудың қазіргі мәселелері, жоғары дәлдіктегі геодезиялық жұмыстар, маркшейдерлік істегі инновациялық технологиялар негіздері, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру, құрылымдық және сапалық көрсеткіштерді геометризациялау, құрылыс және пайдалану кезіндегі жер үсті ғимараттары мен үймереттердің жай-күйінің мониторингі, қоршаған ортаның аэроғарыштық мониторингі, экологиялық картографиялау, бейнелерді цифрлық өңдеу пәндерін оқиды.

Аталған бағдарлама бойынша білім алатын магистранттар келесі дағдыларды алады: тақырыптық картографиялау көздерін жинау, талдау, бағалаудың ақпараттық әдістерін меңгеру; ГАЖ-технологияларды пайдалана отырып, карталарды құрастырудың практикалық дағдыларын меңгеру, заманауи картографияны автоматтандыру құралдарын меңгеру; веб-картографиялау негіздерін білу; картографиялық-математикалық модельдеуде тәжірибелік жұмыс дағдыларын меңгеру; әртүрлі әкімшілік-аумақтық деңгейлерде, шаруашылық кешенінің әртүрлі салаларының кәсіпорындары мен ұйымдарында жерге орналастырудың және бірыңғай жер қорын пайдалануды ұйымдастырудың негізгі тәсілдері мен әдістерін білуге; қоршаған ортаның аэроғарыштық мониторингін жүргізуге; бейнелерді цифрлық өңдеу әдістеріне; Құрылыс және пайдалану кезінде жер үсті ғимараттары мен құрылыстарының жай-күйіне мониторинг жүргізу әдістеріне; кадастрлық жұмыстарды геодезиялық қамтамасыз етуге; цифрлық аэрофотототүсірілім негіздерін меңгеруге міндетті.

Оқудың артықшылықтары:

  • жетекші шетелдік сарапшылардың семинарлары, тренингтері, мастер-класстары;
  • «виртуалды шындық» бағытындағы жобаларға қатысу;
  • шетелдік тәжірибе.

Бағдарлама түлектері аға картограф, гаж-маман, геодезист, топограф, фотограмметрист, маркшейдер, Жер ресурстарын пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі инженер, жер қатынастары бөлімінің маманы, жерге орналастырушы инженер, кадастрлық инженер, колледж және жоғары оқу орындарында оқытушы және т. б. жұмыс істей алады.

Оқу барысында университетте педагогикалық тәжірибеден өтіп, Қытай тау-кен технологиялық университетінде, Мичиган технологиялық университеті (АҚШ), Санкт-Петербург тау-кен университеті, Ресей Ғылым академиясының минералды ресурстарын кешенді дамыту мәселелері институтында шетел тәжірибесінен өту мүмкіндіктері бар.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту