Ақпарат:

Тау-кен инженериясы

Деңгейі
Бағасы
2 223 600 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
D 116
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Ғылыми кадрлар даярлайтын инновациялық білім беру бағдарламасы, пайдалы қазбалар кен орындарын ашық және жерасты игеру, шахта және жер асты құрылысы саласындағы ғылыми, эксперименттік-зерттеу, педагогикалық қызметке бағытталған. Түлекке PhD докторы дәрежесі беріледі..

Докторанттар қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игерудің инновациялық технологияларын жобалау, әзірлеу және іске асыру мәселелерін зерттейді. Оқыту кезінде зияткерлік кәсіпкерлікке, экономиканың нақты секторы үшін қолданбалы жобаларды әзірлеуге және іске қосылған жобаларды коммерцияландыруға көп көңіл бөлінді.

Докторанттар шетелдік кеңесшілердің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді қатысады. Докторантурада оқу жоспарлары жетекші шетелдік университеттерде міндетті түрде тағылымдамадан өтуді қамтиды. Диссертацияны дайындау және қорғау отандық және шетелдік екі ғылыми жетекшінің басшылығымен өтеді.

Докторанттар «Казгорпроект», «Қазақалтын», «Қазфосфат», «Метроқұрылыс», «Интеррин», «Қазахмыс», «Қазхром», «Қазцинк», «KazMinerals», «Altyntau Resources», «Казахвзрывпром» кәсіпорындарында, ҚР минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығында, Д. А. Қонаев атындағы Тау-кен ісі институтында зерттеу, педагогикалық және ғылыми-зерттеу тәжірибелерінен өтеді.

Докторанттар Фрайберг тау-кен академиясының техникалық университетінде (Германия), Колорадо тау-кен мектебінде (АҚШ), Мәскеу мемлекеттік тау-кен университетінде, Санкт-Петербург тау-кен университетінде, Томск политехникалық университетінде, Пекин тау-кен технологиялық университетінде (Қытай), Мәскеу болат және қорытпа институтында тағылымдамадан өтеді.

Түлектер табиғи ресурстарды өндіру саласында бастапқы инженерлік-техникалық лауазымдарда – тау-кен және отын-энергетикалық кешендер, қара және түсті металлургия, металл емес тау-кен шикізатын өндіру кәсіпорындарында; салалық ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында, оқу орындарының зертханаларында жұмыс істейді.

Түлектер тау-кен металлургия секторының инженерлік-техникалық және басқарушы лауазымдарында, ғылыми-зерттеу орталықтарында, университеттерде, ұлттық және жеке компанияларда және басқа да ұйымдарда жұмыс істейді. Жұмыс берушілердің тау-кен ісі жөніндегі мамандарға деген сұранысы артып келеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту