Тау-кен инженериясы
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
M116 Тау-кен инженериясы |
Тау-кен өндірісінің негіздері |
Тау-кен өндірісі кәсіпорындарының құрылысы |
Тау-кен инженериясы, пайдалы қазбалар кен орындарын ашық және жерасты игеру, шахта және жер асты құрылысы саласында мамандар даярлау. Бағдарлама ASIIN (Германия) халықаралық агенттігімен аккредитациядан өтті, диплом Еуропада да ескеріледі.
Түлектер 1,5 жылдық оқу кезінде техника және технология магистрі немесе 2 жылдық оқу кезінде техникалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алады.
Сіз пайдалы қазбалар кенорындарын ең аз шығындармен және құнарландырумен кешенді игерудің заманауи перспективалы технологияларын, кенорындарының сандық үлгілерінде тау-кен өндіру кәсіпорындарын жобалау әдістемесін, бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізудің инновациялық әдістерін үйренесіз.
Түлектер технологиялық және жобалық құжаттаманы, жұмыс сызбаларын, тау-кен көлік жабдықтарының сипаттамасын, өндіріс паспортын, тау-кен өндіруші кәсіпорындардың машиналары мен жабдықтарын, пайдаланылатын материалдар мен шығарылатын өнімдерді сертификаттауды біліп шығуы тиіс.
Магистранттар «Қазатомөнеркәсіп», «Қазақалтын», «Қазақмыс», «Қазхром», «Қазцинк», KazMinerals plc, АО «Altyntau Resources», «Қазфосфат» және т. б. өндірістік кәсіпорындарда педагогикалық, өндірістік және ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өтеді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Фрайберг тау-кен академиясының техникалық университетінде (Германия), Колорадо тау-кен мектебінде (АҚШ), Мәскеу мемлекеттік тау-кен университетінде, Санкт-Петербург тау-кен университетінде, Пекин тау-технологиялық университетінде (Қытай) ғылыми тағылымдамадан өтеді. Білім беру бағдарламасы бойынша университет тау-кен ісі саласында кадрлар даярлау және зерттеулер бойынша 20-дан астам халықаралық шарттар жасады.
Түлектер табиғи ресурстарды өндіру саласында инженерлік-техникалық лауазымдарда, тау-кен және отын-энергетикалық кешен, қара және түсті металлургия, металл емес тау-кен шикізатын өндіру кәсіпорындарында; салалық ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында, оқу орындарының зертханаларында жұмыс істей алады.
Бағдарлама Eco-Mining and Innovative Natural Resources Management (Erasmus+) халықаралық жобасы аясында қайтадан жетілдірілді. Бағдарламаға қазіргі заманғы экологиялық таза тау-кен технологияларын және өндірістік процестерді оңтайландыру мен минералдық ресурстарды басқарудың инновациялық әдістерін зерттеу жолдары енгізілді. Бағдарлама туралы