Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
М097 Химиялық инженерия және процесстер |
Бейорганикалық химия |
Жалпы химиялық технология |
Бейорганикалық заттар мен материалдарды, оның ішінде наноматериалдарды өндірудің заманауи инновациялық технологиялары саласында өндірістік және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлайды.
Магистранттар мұнай өңдеу, атом энергетикасы, машина жасау, қара және түсті металлургия, аса таза реагенттер өндірісінде, катализаторлар, құрылыс материалдары, минералды тыңайтқыштар және т.б. өндірістерде кеңінен қолданылатын технологияларды меңгеріп шығады. Соның аясында магистранттар бейорганикалық заттар технологиясының теориялық негіздерін, нанотехнологияны, бейорганикалық синтез технологиясын, бейорганикалық заттар технологиясындағы ресурс пен энергияны үнемдеуді, қазіргі уақытта техникалық және экономикалық прогрестің негізі болып табылатын табиғи ресурстарды өтімділігі жоғары өнімге қайта өңдеудің жаңа, ғылымды қажет ететін технологияларын үйренеді.
Магистранттар әлемнің жетекші университеттерінде кәсіби, ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өтеді, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша семестр ішінде шетелде білім алады.
Түлектер өнеркәсіптік химия кәсіпорындарында, зауыттық, цехтық және ғылыми-зерттеу институттары мен инженерлік компаниялардың зертханаларында, сондай-ақ техникалық университеттерде жұмыс істейді. Инженер-химиктердің едәуір бөлігі аралас салаларда – қара және түсті металлургияда, машина жасау саласында, атом энергетикасында, мұнай өңдеу саласында жұмыс істей алады. Бұл мамандықтың жан-жақтылығы кез келген елде және кез келген салада оның танымалдылығы мен жоғары сұранысын арттырады.