Материалтану және инженерия
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Қазіргі заманғы функционалдық, конструкциялық, наноқұрылымды және интеллектуалды материалдарды жасау, түрлендіру және қолдану саласына қажетті зерттеуші мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламасы. Оқу мерзімі – 3 жыл, оқу аяқталғаннан кейін түлектерге материалтану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі беріледі.
Бағдарлама бойынша материалтанудың заманауи бағыттарын, цифрлық модельдеуді, машиналық оқытуды, тұрақты дамуды және экологиялық қауіпсіз технологияларды қамтитын пәнаралық тәсілді дамытуға баса назар аударылады. Әсіресе «құрам–құрылым–қасиет–технология» заңдылықтарын зерттеуге, сондай-ақ «жасыл» экономикаға көшу жағдайында материалдардың өмірлік циклі мен оларды қайта қолдану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Бағдарламада физика-химиялық талдау әдістері, наноқұрылымды материалдар, цифрлық модельдеу (Comsol Multiphysics, SolidWorks, ANSYS), қолданбалы механика және инженерлік тәжірибеде қолданылатын математикалық модельдеу бағдарламалары бойынша пәндерді оқыту қамтылған. Практикалық сабақтар заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған бейінді зертханаларда өтеді, атап айтқанда: рентгендік дифрактометрия (XRD), растрлық электронды және атомдық-күштік микроскопия (SEM, AFM), дифференциалды сканерлеуші калориметрия (DSC), спектрофотометрия және т.б. бар.
Докторанттар шетелде ғылыми тағылымдамадан өтеді және халықаралық ғылыми кеңесшілердің басшылығымен жұмыс істейді. Бағдарлама Германия, АҚШ, Франция, Польша, Қытай және Оңтүстік Корея университеттерімен ынтымақтастық қарым-қатынас негізінде жүзеге асырылады. Бұл докторанттарға бірлескен ғылыми жобаларға қатысуға және әлемдік деңгейдегі ғалымдармен өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Түлектер материалдар табиғатын терең түсініп, жаңа инженерлік шешімдер әзірлей алатын зерттеушілер, зертхана жетекшілері бола алады, сондай-ақ техникалық жоғары оқу орындарының оқытушылары, жоғары технологиялық салаларда сарапшылар ретінде қызмет атқарады.