Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
M101 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы |
Механика |
Молекулалық физика |
Қазіргі заманғы ғылымды қажет ететін технологияларды әзірлеу үшін және әртүрлі мақсаттағы жаңа материалдар мен қаптамаларды өндіріске енгізу үшін заманауи материалтану саласына қажетті жоғары білікті мамандарды даярлау. Ғылымның, техника мен технологияның дамуындағы басымды бағыт болып саналады.
Түлектерге 1,5 жылдық оқу кезінде техника және технология магистрі, ал 2 жылдық оқу кезінде техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі.
Сіз оқу барысында келесі салалар бойынша: әртүрлі мақсаттағы органикалық және бейорганикалық материалдарды қолдану және модификациялау, әзірлеу, зерттеу; техника және технологияның әртүрлі салаларында олардың сапасын басқару үшін детальдарды, бұйымдарды, материалдарды дайындау процестері бойынша білім аласыз.
Сіз материалдардың қасиеттері мен құрылымдарын зерттеу бойынша эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, қойылған мәселелердің шешімін анықтауда қолданылатын технологиялық және функционалдық қасиеттері берілген жаңа материалдарды әзірлеуге, кәсіпорындық мекемелерде өндірістік-технологиялық және ұйымдастыру жұмыстарын орындауға дағдыланасыз.
Студенттер компьютерлік техника және бағдарламалық құралдарымен, заманауи қондырғылар және аспаптармен жабдықталған 30 мамандандырылған зертханаларда тәжірибе алады. Оқыту барысында ADEM, SolidWorks, AutuDesk, Компас 3D, MSC Nastran, Comsol multiphisics және APM WinMachine сияқты халықаралық деңгейдегі жобалаудың автоматтандырылған жаңа жүйелері қолданылады.
Институт көптеген шетелдік техникалық университеттермен байланыс орнатқан, сонымен қатар TFH Georg Agricola (Германия), Pennsylvania State University, University de Loraine, AGH University of Science and Technology, CAUST, University Texas, Braunswille, University of Science and Technology Liaoning (Қытай) т.б. университеттердің профессорларымен тығыз байланыс жасайды.
Студенттер шетелдік практиканы әлемнің ең үздік техникалық университеттерінде өтеді.
Түлектер машина жасау және транспорттық өнеркәсіпте, функционалды, металл және наноөлшемді материалдарды өндіру мекемелерінде, жобалық-конструкторлық бюроларда, ғылыми-зерттеу институттарында сұранысқа ие, мемлекеттік құрылымдардың басқару қызметтерінде жұмыс істейді.