Ақпарат:

Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

Деңгейі
Бағасы
2 223 600 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
D 101
Аккредитациялар
iqaa kazsee
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Заманауи инновациялық ғылыми қарқынды технологияларды әзірлеу үшін және өндірісте әртүрлі мақсаттарға негізделген жаңа материалдар мен қаптамаларды енгізу үшін заманауи материалтану саласы бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау. Ғылымның, техника мен технологияның қарқынды дамуындағы стратегиялық басымды бағыт болып саналады. Түлектерге PhD докторы дәрежесі беріледі.

Сіз оқу барысында келесі салалар бойынша: әртүрлі мақсаттарға негізделген органикалық және бейорганикалық материалдарды қолдану және модификациялау, әзірлеу, зерттеу; техника және технологияның әртүрлі салаларында олардың сапасын басқару үшін детальдарды, бұйымдарды, материалдарды дайындау процестері бойынша білім аласыз.

Сіз материалдардың қасиеттері мен құрылымдарын зерттеу бойынша эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүргізуді үйреніп, қойылған мәселелердің шешімін анықтауда қолданылатын технологиялық және функционалдық қасиеттері берілген жаңа материалдарды әзірлеу, кәсіпорындық мекемелерде өндірістік-технологиялық және ұйымдастыру жұмыстарын орындау дағдысына ие боласыз.

Докторанттар компьютерлік техника мен бағдарламалық құралдарымен, заманауи қондырғылар және аспаптармен жабдықталған 30 мамандандырылған зертханаларда тәжірибе жинақтап, біліктілікке ие болады. Оқу барысында ADEM, SolidWorks, AutuDesk, Компас 3D, MSC Nastran, Comsol multiphisics, және APM WinMachine сияқты халықаралық деңгейдегі жобалаудың автоматтандырылған жаңа жүйелері қолданылады.

Институт көптеген шетелдік техникалық университтермен байланыс орнатқан, сонымен қатар TFH Georg Agricola (Германия), Pennsylvania State University, University de Loraine, AGH University of Science and Technology, CAUST, University Texas, Braunswille, University of Science and Technology Liaoning (Қытай) т.б. университеттердің профессорларымен байланыс жасайды.

Докторанттар әлемнің барлық техникалық университтерінде тағылымдама өте алады.

Түлектер машина жасау және көлік өнеркәсібінде сұранысқа ие, олар дефектоскопист, материалдарды химиялық және спектрлік талдау бойынша инженерлер, электрондық микроскопия бойынша инженерлер, материалдар мен қаптамаларды зерттеуші инженерлер, инженер-материалтанушы болып жұмыс істейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту