Ақпарат:

Металлургиялық инженерия

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы КТ элементтері
M117 Металлургиялық инженерия Металлургиялық процестер теориясы - Жалпы металлургия
Бағасы
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Қазіргі заманғы металлургия өнеркәсібі мен ғылыми-зерттеу орындарында жоғары сұранысқа ие болатын, ғылыми-техникалық терең білімі мен практикалық дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлайтын бағдарлама.

Магистратура студенттері металлургияның іргелі және қолданбалы аспектілерін қамтитын өзекті де озық білім беретін пәндерді тереңдете меңгеріп шығады. Бағдарлама студенттердің бойында металлургиялық процестерді талдау және оңтайландыру, материалтану, металлургиялық жүйелерді жобалау және озық цифрлық шешімдерді пайдалану саласы бойынша жоғары құзыреттерін дамытады. Оқу барысында магистранттар ғылыми-зерттеу әдістерін меңгереді, жобалау жұмыстары мен өндірістік қызметке араласады, сөйтіп инженерлік талдау мен сыни ойлау дағдыларын дамытады.

Магистранттар өнеркәсіптің жетекші кәсіпорындарында өндірістік практикадан өтеді, оның ішінде «Қазақмыс», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазцинк», Өскемен титан-магний комбинаты, «Қазмеханобр», Металлургия және кен байыту институты, KAZ Minerals Aktogay және т.б. бар.

Бағдарламада сондай-ақ академиялық ұтқырлық пен халықаралық ынтымақтастық қарастырылған: ғылыми тағылымдамалар Ресей, АҚШ, Канада, Германия, Швеция, Словакия және Түркияның университеттері мен ғылыми орталықтарында, атап айтқанда: Колорадо тау-кен мектебі (АҚШ), Аахен Рейн-Вестфаль техникалық университеті (Германия) немесе Сүлейман Демирел университеті (Түркия) сияқты университеттерде өтеді.

Оқуды жетекші оқытушылар мен салалық практиктер жүргізеді, ал магистранттар заманауи зертханалық кешендерге қол жеткізіп, нақты ғылыми және өндірістік жобаларға қатысады.

Бағдарлама сонымен қатар түлектердің мансаптық жолмен өсуін қолдауға бағытталған – олар инженер мен конструкторлық лауазымдардан бастап, өндіріс пен ғылыми ұйымдарда басшылық етуге дейін көтеріледі.

Бағдарлама түлектері металлургиялық, инженерлік және тау-кен кәсіпорындарында, ғылыми-зерттеу институттарында, конструкторлық бюроларда және өнеркәсіпті басқару органдарында инженер, ғылыми қызметкер, технолог және бөлім меңгерушілері болып қызмет атқарады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту