Ақпарат:

Құрылыс материалтану саласындағы ғылыми зерттеулер

Деңгейі
Бағасы
Заңды тұлғаларға арналған
баға
2 223 600 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
D125
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Заманауи құрылыс материалдарын жасау, түрлендіру және оларды қолдану бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге қабілетті құрылыс материалтану саласына қажетті жас ғалымдарды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламасы. Түлектерге мамандығы бойынша ғылым докторы (PhD) академиялық дәрежесі беріледі.

Бағдарлама бойынша пәнаралық зерттеулерге, соның ішінде физика-химиялық қатаю процестеріне, микроқұрылымдық талдауға, реологиялық сипаттамаларға және құрылыс композицияларының экологиялық қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді. Докторанттар бетонның инновациялық құрамдарын, соның ішінде беріктігі жоғары болып, өздігінен тығыздалатын қасиетін сақтай отырып, қоршаған ортаға төзімді және экологиялық қауіпсіз материалдарды әзірлейді.

Білім беру шекарасы ғылыми-зерттеу және аналитикалық құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған. Бағдарлама аясында ғылыми жобаларға қатысу, рецензияланатын халықаралық журналдарда жарияланым жасау, шетелдік серіктес университеттерде тағылымдамадан өту, сондай-ақ диссертацияны екі ғылыми жетекшінің – отандық және шетелдік жетекшілердің басшылығымен дайындау мен қорғау жұмыстары қарастырылған.

Кәсіби қызмет саласы құрылыс материалдары, сол бойынша тестілеу, стандарттау және сапаны бақылау, материалдардың жаңа түрлерін жобалау және инновациялық технологияларды құрылыс саласына енгізу бойынша ғылыми зерттеулер мен қолданбалы әзірлемелерді қамтиды.

Бағдарламаның түлектері сипаттамалары жетілдірілген құрылыс материалдарының жаңа буынын әзірлеуге қабілетті мамандар болып шығады. Сондай-ақ олар заманауи талдау әдістерін қолдану, қатаю және құрылымды қалыптастыру процестерін модельдеу мен оңтайландыру, ғылыми-зерттеу, сараптамалық және білім беру қызметі бойынша кәсіби маман атанады.

Түлектер заманауи құрылыс химиясы, нанотехнология, тұрақты құрылыс және материалтанудың цифрлық әдістері саласында бірегей білім мен дағдыларды меңгеріп шығады. Сондай-ақ тұрақты даму және «жасыл» құрылыс міндеттері бойынша жұмыс істейтін кәсіби ғалымдар қоғамдастығының бір бөлшегі атанады.

Бағдарлама түлектері жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтарда, құрылыс саласындағы мемлекеттік және жеке ұйымдарда оқытушы, ғылыми қызметкер, инженер-конструктор және сарапшы ретінде табысты жұмыс істей алады, сонымен қатар өздерінің стартаптары мен инновациялық жобаларының бастамашысы болып, оны іске асыра алады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту