Ақпарат:

Сейсмология

Деңгейі
Бағасы
1 500 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

ҚР БжҒМ Білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

M091 Сейсмология

Сейсмологияның физикалық негіздері

Сейсмикалық жазбалар бойынша жер сілкінісінің параметрлерін анықтау

Жер сілкінісінің пайда болу себептерін, дайындықтарын және процестерін, сондай-ақ онымен байланысты салдарларды терең зерттеу саласындағы теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша мамандарды даярлайды.

Оқу  барысында магистранттар жер сілкінісі ошақтарындағы сейсмикалық үдерістерді, қашықтықта және осы ошақтардан жақын жердегі сейсмикалық толқындық өрістерді, қауіпті бағалауды және сейсмикалық қауіпті аймақтандыруды, күшті жер сілкіністерін болжау әдістерін зерттейді. Магистранттардың назары кеңістікте және уақытында жер сілкінісінің жиынтығын зерттеуге, олардың себеп-салдарын және олардың пайда болуының стохастикалық үлгілерін, сондай-ақ Жердің ортақ эволюциясы байланысын анықтауға бағытталатын болады.

«Сейсмология» бағыты бойынша магистрлік бағдарлама:

  • сейсмологиялық және геофизикалық зерттеулердің (соның ішінде қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса) инновациялық әдістер мен технологияларға негізделген сейсмикалық қауіпті бағалау, қауіп-қатерлер мен жер сілкінісін болжау және сейсмикалық қауіпті бағалау, сейсмикалық толқындардың таралуының күрделі мәселелерін шешуге қабілетті халықаралық деңгейдегі құзыреттілікпен сейсмология саласындағы мамандарды даярлау;
  • жер сілкінісінің шығу тегі, күші мен жиілігін болжау үшін, магистранттарға жоғары сапалы және кәсіби білім беру; олар нақты физика-геологиялық ортаға жер сілкінісі дайындау процестерін егжей-тегжейлі зерттеп, жер сілкінісі ошақтарының параметрлерін бағалайды және жер сілкіністерінің алдын ала белгілерін анықтайды;
  • магистранттарға сейсмикалық-геофизикалық зерттеулердің фазалық және ұтымды кешендері бойынша сапалы және кәсіби білім беру, алынған мәліметтерді өңдеу, түсіндіру және модельдеу.
  • жер сілкінісі салдарынан оның ошағының маңайында болатын сейсмикалық толқындар өрісін зерттеуде инженерлік және сейсмологиялық мәселелерді шешу, жер бетіндегі күшті сейсмикалық қозғалыстарды зерттеу және топырақтың құрылымымен өзара әрекеттесуін, сейсмикалық микроизоляцияны жүргізу, жер сілкіністердің гидросфераға және Жер атмосферасына әсерін анықтау бойынша икемділікті дамыту;

Сіз Жер туралы ғылымдар жүйесіндегі сейсмологияның мақсаттары мен міндеттерін; болашақ мамандықтың әлеуметтік маңызын, кәсіптік қызметті жүзеге асыруға жоғары ынталану жолдарын; әрбір сейсмологиялық әдістің мүмкіндігін бағалауды және жеке әдістердің қолданылу шарттарын белгілеуді; сейсмикалық-геофизикалық жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын, мәліметтерді өңдеуді, сондай-ақ арнайы компьютерлік бағдарламаларды меңгеріп шығасыз.

Бағдарлама сейсмологиялық деректерді өңдеу үшін заманауи компьютерлік бағдарламаларда жұмыс істеуді үйретеді. Сейсмология және геофизика проблемалары бойынша дәрістер мен консультацияларға жақын және алыс шетелдердің жетекші университеттерінің профессорлары, өндірістік компаниялардың жетекші сарапшылары және ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері шақырылады.

Бағдарлама түлектері Жердің литосферасы мен тектоносферасының құрылымын және материалдық құрамын, қатты дене физикасы, механика жетістіктерін, әсіресе материалдардың тез сынғыштық қасиетін зерттеу, геодезия, Жер физикасының әртүрлі бөлімдерін, гидрогеология, геохимия жетістіктеріне негізделген жер сілкінісінің ошақтарын мен белгілерін зерттеуді үйренеді.

Түлектер сейсмология мәселелерімен байланысты академиялық және ведостволық ғылыми-зерттеу институттарында, облыстық және қалалық әкімдіктерде, Төтенше жағдайлар департаментінде және БЭЖ-де, зертханаларда жетекші лауазымдарды атқарады және ғылыми қызметкерлер ретінде жұмыс істейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту