Сейсмология
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Сейсмология саласындағы терең де іргелі білімді, абстрактілі ойлау мен талдаудың бірегейлігін, проблемалық жағдайларда стандартты емес шешімдерді қабылдау қабілетін, жаңа жағдайларға жылдам бейімделуді және жинақталған тәжірибені қайта бағалауды қажет ететін күрделі сейсмогеофизикалық мәселелерді шеше білетін, сейсмогеофизикалық зерттеулер негізінде жаңа білім құра алатын, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік қызмет саласында инновациялық кәсіби міндеттерді қоюды, экономикалық, ақпараттық және әлеуметтік қауіпсіздікті ескере отырып, кәсіби міндеттердің оңтайлы шешімдерін іздеуді меңгеретін мамандарды даярлайды.
Бағдарлама геофизикалық потенциалды өрістерді есепке алудың алдыңғы қатарлы құралдарын пайдалана отырып, сейсмологиялық және геофизикалық зерттеулердің инновациялық әдістеріне және технологиясына негізделген жер сілкінісі мен сейсмикалық толқындардың таралуының ең күрделі міндеттерін шешуге қабілетті халықаралық деңгейдегі құзыреттілігі бар мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді.
Бағдарлама жер сілкінісі ошақтарын, жер блоктарының жылжуын және басқа фазалардың орташа өзгеруін зерделеу үшін қажетті көлемде білімді қалыптастыру, нақты физика-геологиялық ортаға жер сілкінісі процестерін егжей-тегжейлі зерттеу, жер сілкінісінің қуатын анықтау және ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жер сілкінісін болжау жөніндегі сейсмикалық процестерді басқару әдістерін, сейсмикалылыққа антропогендік (техногенді) әсерін бағалау туралы білім береді.
Бағдарлама жер сілкінісі нәтижесінде пайда болған жер бетінің деформациялық қозғалыстарын және олардың антропогендік ортаға әсерін зерттеу және талдау, инженерлік және сейсмологиялық мәселелердің білікті шешімін, сейсмикалық микроаудандау әдістерін әзірлеу және жүргізу жөнінде кәсіби тәжірибе қалыптастырады.
Сіз сейсмикалық және геофизикалық зерттеулердің кезеңдік және ұтымды кешендері жөнінде, заманауи компьютерлік технологияларды қолдану арқылы алынған деректерді өңдеу, түсіндіру және модельдеу жөнінде сапалы және кәсіби білім аласыз.
Сіз Жердің литосфера және тектоносферасының құрылымын, физикалық үлгілерін зерттеу, сейсмикалық режим; сейсмикалық және геофизикалық әдістерді пайдалана отырып зерттеулер жүргізу, сондай-ақ алынған мәліметтерді өңдеуді, интерпретациялауды және модельдеуді, сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен техногенді экологиялық жүктемені азайту шараларын бақылауды, сейсмикалық қауіпсіздік пен техногендік салмақтың қоршаған ортаға әсерін азайту жолдарын үйренесіз.
Сіз Жер ғылымы туралы іргелі және қолданбалы білімді ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары бойынша қолдануды талап ететін проблемаларды шешуді үйренесіз. Атап айтқанда, Жер литосферасының құрылымын және құрамын зерттеу, физикалық географиямен, тектоникамен, әсіресе неотектоника және сейсмотектоникамен, математикалық кездейсоқ процестердің теориясымен және космофизикамен байланысы бар сейсмикалық процестерді зерттеу.
Докторлық диссертацияны даярлау жоғары ғылыми қызметпен және академиялық ұтқырлықпен біріктіріледі. Сейсмология мен геофизиканың қазіргі заманғы проблемалары бойынша дәрістер мен консультацияларды жүргізу үшін алыс және жақын шетелдердің жетекші университеттерінің профессорлары, өндірістік компаниялар мен ғылыми-зерттеу институттарының жетекші сарапшылары шақырылады.
Түлектер PhD докторы дәрежесіне ие болып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Сейсмология институтында, облыстық және қалалық әкімдіктерде, Төтенше жағдайлар департаментінде және БЭЖ-де жетекші лауазымдарда, ғылыми-зерттеу институттарында жетекші және жетекші ғылыми қызметкерлер, лабораториялар мен кафедралар жетекшілері ретінде жұмысын істейді.