Сейсмология
Солға қарай айналдырыңыз
Білім беру бағдарламаларының тобы | ҰБТ пәндері |
В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру | Математика - География |
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Жер қыртысын іргелі зерттеу және сейсмологиялық зерттеулер саласына қажетті мамандарды даярлау бағдарламасы.
Студенттер Жердің ішкі құрылымы, оның пайда болуы және эволюциясы туралы негізгі геологиялық процестер, тау жыныстарының физикалық қасиеттері және Жердің сейсмикалық деңгейін зерттеуде пайдалану үшін геофизикалық өрістер туралы білім алады. Олар жер сілкіністерін және соған байланысты құбылыстарды, жер сілкінісінің түрлері мен олардың себептерін, сейсмикалық толқындарды зерттейді, жер сілкінісінің көзі және онда болып жатқан процестердің физикасы, жер сілкінісінің параметрлері туралы түсінік алады.
Студенттер маңызды құрылымдар мен өнеркәсіптік жұмыс аймақтарының қауіпсіздік жүйесінің бөлігі ретінде сейсмикалық мониторингті ұйымдастыру дағдыларын меңгеріп шығады, сондай-ақ сейсмикалық белсенділікті көппараметрлі бақылау технологиясын үйренеді, сейсмикалық бақылаудың ақпараттық-өлшеу жүйелеріне арналған жабдықты және стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуді оқиды, сейсмологиялық мәліметтерді талдайды, оларды құрастырады және сейсмикалық өріс параметрлерінің графиктері мен таралу карталарын салады.
Бағдарлама «Antelope» BRTT (АҚШ), «Seiscomp» GEMPA (Германия), «ApolloServer» Nanometrics (Канада), «InSite» ASC (UK), Surfer және т.б. секілді заманауи компьютерлік бағдарламалар бойынша оқуды қамтиды.
Сейсмологияның заманауи мәселелері бойынша дәрістер оқып, кеңестер беру үшін, алыс және жақын шетелдердегі жетекші университеттердің профессорлары, өндірістік компаниялар мен ғылыми-зерттеу институттарының эксперт мамандары шақырылады.
Студенттер Қапшағай қаласындағы өздерінің жаттығу полигондарында оқу-геофизикалық практикадан өтеді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарында, Қазақстан Ұлттық деректер орталығында, Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер мен бақылау орталығында, «Алматы» Орталық сейсмикалық обсерваториясында, Қазақстанда және одан тыс жерлердегі сейсмологиялық қорғау орталықтарында тәжірибелік сабақтар оқиды.
Үздік студенттер бүкіл әлемнің үздік университеттерінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қосымша білім алады.
Түлектер жаратылыстану ғылымы бакалавры дәрежесін алып шығады да, ғылыми-зерттеу институттарында, сейсмологиялық компанияларда инженерлік лауазымдарды атқара алады, сондай-ақ сейсмология ғылымы дамыған шетелдерде, мысалы, Жапониядағы үздік компанияларда жұмыс істей алады.