Цифрлық логистика

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В095 Көліктік қызметтер Математика - География
Бағасы
799 100 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 030 400 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Қазіргі заманғы озық технологиялар мен ақпараттық жүйелерді (бұлтты есептеулер, блокчейн, жасанды интеллект, RFID, интернет-ресурстар және т.б.) пайдалана отырып, көліктік және логистикалық процестерді басқару саласына қажетті мамандарды даярлайды. Мамандықтың өзектілігі – заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, дәстүрлі логистикалық мәселелерді шешу мүмкіндігінде.

Студенттер экономикалық жүйелердегі әртүрлі материалдық, ақпараттық, қызмет көрсету және басқа да ресурстарды басқару теориясын, басқарудың ұйымдастырушылық формалары мен әдістерін, ресурстарды пайда болған жерінен тұтыну орнына жеткізу процесін оңтайландыру әдістерін зерттеп, біліп шығады.

Сонымен қатар студенттер қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде кез келген тауарды жеткізу тізбегін, логистикалық процестерді әзірлеуді, оларды дамытуды, жеткізу бағыттарын жылдам үйлестіруді, әртүрлі цифрлық құралдар негізінде логистикалық процестерді басқаруды, жеткізу тізбегінің жағдайын талдауды және оны жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеуді үйренеді.

Үйренетін дағдылар қатарына экономикалық-математикалық модельдеу құралдарын меңгеру, жүйелік талдау, оңтайлы шешімдер қабылдау әдістері, стратегиялық жоспарлау, цифрлық жеткізу тізбегін модельдеу және талдау сияқты дағдылар жатады.

Түлектер көлік, логистикалық және ірі өндірістік компанияларда жұмыс істейді, олар тек оперативтік жұмыстарды ғана емес, сонымен қатар жеткізу жөніндегі бизнес-процестерді жақсарту, компаниялардағы логистиканы қайта ұйымдастыру бойынша стратегиялық тапсырмаларды орындайды. Логистиктер кәсіпорындарда, сауда және қызмет көрсету салаларында, көлік және экспедиторлық компанияларда, сонымен қатар логистикалық орталықтарда, қойма кешендері мен терминалдарда жұмыс істейді.