Су дипломатиясы
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
М088 – Гидрогеология және инженерлік геология |
Жер асты суларын іздеу және барлау |
Инженерлік-геологиялық зерттеулер |
Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен бейбіт қарым-қатынасты қолдауға қабілетті, бассейндік инспекциялар, мемлекеттік басқару, NEXUS-пен айналысатын халықаралық ұйымдар және Қазақстан Республикасының кәсіпорындарына қажетті су ресурстары мамандарын даярлайды.
Магистранттар трансшекаралық су ресурстарын, жер асты суларының кен орындарын, қоршаған ортаны басқару, пайдалану және климаттың өзгеруіне осал популяциялар мен экожүйелердің тұрақтылығын арттыру саласы бойынша білім алады. Олар өнеркәсіп орындарында есептеулер жүргізу және жұмысты ұйымдастыру дағдыларын, ынтымақтастық қарым-қатынас, диалог және келіссөздер жүргізу арқылы суға қатысты жанжалдардың алдын алу, оларды реттеу, су жанжалдарына байланысты практикалық мәселелерді басқару және шешу туралы дағдыларды меңгеріп шығады.
«Су дипломатиясы» білім беру бағдарламасы магистранттарға судың саяси табиғатын түсінуге және жан-жақты шекара негіздерін құруға мүмкіндік береді, сондай-ақ шекаралық су мәселесіне қатысатын тұлғалардың конфигурациясын түсінуге, шиеленістерді алдын ала болжауға, ықтимал қақтығыстарды басқаруға және ынтымақтастық қарым-қатынас жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Магистранттар гидросаясатты және гидродипломатияны сыни тұрғыдан бағалауды, су ресурстарын басқаруға қатысты халықаралық-құқықтық негіздерді түсінуді, жанжал кезінде медиация принциптерін қолдануды, сумен қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты нығайту үшін ықтимал кіру нүктелерін бағалауды, ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік жұмыстарды ұйымдастыруда іскерлік пен дағдыларды практика жүзінде қолдануды біліп шығады.
Бағдарлама ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндігін, сондай-ақ оқу орнын бітіргеннен кейін ғылыми мансапты одан әрі дамыту мүмкіндігіне ие болу үшін шетелдік университеттермен өзара білім алмасу бағдарламаларын қамтиды. Екі жыл оқығаннан кейін түлектер «Жаратылыстану ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алып шығады.
Магистрлер су шаруашылығы, геоэкологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық кәсіпорындарда, Бассейндік инспекциялар мен мемлекеттік әкімшіліктерде практикалық тәжірибеден өтіп, жұмыс істейді.