Ақпарат:

Әділов Жексенбек Мәкейұлы

Әділов Жексенбек Мәкейұлы

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ректоры (2008–2015 жж.)

calendar
Оқу жылдары: 1967-1972 жж.
cap
Мамандығы: "Инженер-құрылысшы"

Мен Алматы қаласында дүниеге келдім. №75 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1967 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына, инженерлік құрылысшы факультетіне оқуға түстім.

Менің таңдауым немен байланысты болды? Мектеп кезінде мен техникалық жоғары оқу орнында оқитынымды білдім. Себебі математика жəне физика пəндеріне өте зор қызығушылығым болды, сол пəндерден бірталай жетістіктерге де жеткенмін. Оқушы болып жүргенде Түркістан, Самарқанд, Мəскеу жəне Ленинград секілді əртүрлі өзіндік ерекшелігі бар архитектуралық құрылыстарды көрдім. Сол көргенім маған қатты əсер етті. Сол жылдары Алматыда қазір бізге таныс ғимараттар қарқынды түрде салына бастаған. Бұл жағдайлар маған өз мамандығымды таңдауға үлкен əсер етті.

1972 жылы институтты үздік бітіргеннен кейін, мені мұғалім ретінде жұмысқа өз институтым қабылдады, себебі мұғалім мамандар тапшы болатын. Осы жерде екі жыл жұмыс істегеннен кейін, басқарушылар ұйымы мен институттың профессорлар ұйымының ұсынысы бойынша В.Куйбышев атындағы Мəскеу инженерлік-құрылысшы институтының күндізгі бөлімінің аспирантурасына түстім (қазіргі Мəскеу мемлекеттік құрылыс институты). Аспирантурадан кейін ғылыми дəреже алу үшін диссертация қорғадым.

Оқушы болып жүргенде Түркістан, Самарқанд, Мəскеу жəне Ленинград секілді əртүрлі өзіндік ерекшелігі бар архитектуралық құрылыстарды көрдім.

Кейінгі жылдары бөлім орынбасары, декан, Қазақстан Дүниежүзілік банк жобасының кеңесшісі, лектор жəне де Ұлттық басқарма академиясында курс басшысы болдым. Мемлекеттік қызметтегі ұйымдастырушылық жұмыста мол тəжірибе жинақтадым. Мониторинг жəне бақылау департаменті, кейіннен ҚР Білім жəне ғылым министрлігі, білім беруді мемлекеттік инспекциялау жəне ақпараттандыру департаменті мен Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің жетекші департамент директоры қызметтерін атқардым.

2004 жылы жарыстың қорытындысы бойынша Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры, ал 2008 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бұйрығы бойынша Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры болып тағайындалдым. Сол кезеңде Қазақстанның тарихында бірінші рет жетекші ұлттық университеттердің ректорын ҚР Президенті өзі тағайындады. Бұл деген мемлекет басшысының мемлекеттің жоғары білім жəне ғылым жүйесіне ерекше назар салып қарайтындығын көрсетеді. Сол себепті бізге үлкен жауапкершілік артылды жəне жоғары оқу орнының көшбасшысы ретінде жұмысымның нəтижесін көрсетуім керек болды.

            2008–2015 жылдар аралығында ҚазҰТУ-да ректор болып жұмыс істеген кезде мен келесі қағидаларды реті бойынша іске асырдым:

- озық білім;

- ғылым жəне жаңашылдық арқылы білім алу;

- əлемдік жетекші компаниялармен стратегиялық серіктес болу;

- студенттер элитасы;

- қоғам алдында əлеуметтік жауапкершілік.

Өз жұмысымда оқу бағдарламасына, жаңа мамандықтың ашылуына, материалды-техникалық базаның нығаюына ерекше мән берген болатынмын.

Атап айтқанда, Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ-да мынадай ғылыми жаңалықтар іске қосылды:

1. Ақпараттық жəне ғарыштық технологияларды ұжымдық пайдалану барысында Ұлттық ғылыми зертханада өте қуатты суперкомпьютер (оның өнімділігі 80Ttps) орнатылды;

2. Озық аналитикалық құрал-жабдықтармен жабдықталған инженерлік профиль зертханасы ашылды;

3. Ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялар жөніндегі Қазақстан – Корея оқу-білім орталығы құрылып, эксплуатацияға берілді;

4. Энергетика және автоматтандыру мамандарын даярлайтын Қазақ-француз оқу орталығы ашылды;

5. Ғарыш аппараттарының ұшуын басқару орталық құрылды;

6. Apple, Siemens, Leica, Honeywell жəне т.б. əлемдік жетекші компаниялармен бірлескен ғылыми-білім беру орталықтары ашылды.

Бұл шаралардың барлығы ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында менің тікелей басшылығыммен жүзеге асырылды. ҚазҰТЗУ мен «Парасат» ғылыми холдингі базасында техника жəне технологиялар саласы бойынша Қазақстандағы ең ірі ғылыми-білім беру жəне инновациялық-өндірістік кешен – Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті құрылды.

Педагогикалық жəне ұйымдастырушылық қызметіммен қатар үлкен ғылыми жұмыс жүргіздім. Үш мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның жетекшісі болдым, халықаралық конференциялар мен семинарларда баяндамалар жасадым. Жер туралы ғылымдар бөлімінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ғылыми-техникалық комитеттің мүшесі, 6 академияның шетелдік мүшесі болып сайландым. Қазақстан Республикасының, Ресей мен Францияның көптеген мемлекеттік марапаттарын алдым.

ҚазҰТЗУ мен «Парасат» ғылыми холдингі базасында техника жəне технологиялар саласы бойынша Қазақстандағы ең ірі ғылыми-білім беру жəне инновациялық-өндірістік кешен.

Институтта алған іргелі білімнің арқасында, сонымен қатар «өмір бойы білім алу» қағидасын ұстана отырып, ғылыми, педагогикалық жəне басқарушылық қызметте үлкен жетістіктерге жеттім деп ойлаймын.

Сəтбаев университетінің түлектері өздерінің аlma mater-ге деген мақтанышын жəне құрмет-ризашылығын білдіріп, тəуелсіз Қазақстанның өркендеуіне өз үлестерін қосатынына сенімдімін. Елдің болашағы сіздердің қолдарыңызда!

12 желтоқсан 2019 10158
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту