Ақпарат:

Баймаханова Галина Александровна

Баймаханова Галина Александровна

ҚР Парламент Мәжілісі VI шақырылымының депутаты, ҚР Парламент Мәжілісі Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің хатшысы

calendar
Оқу жылдары: 1969-1974 жж.
cap
Мамандығы: "Инженер-геолог"

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына 1969 жылы түстім. Негізі алғаш рет сол жылдың сәуірінде Алматы энергетика институты ғимаратында орналасқан кітапхананы, зертхананы және геологиялық барлау факультетін көру үшін келген болатынмын. Маған барлығы ұнады, әсіресе оқитын пәндердің тізімі, олардан белгісіздік пен саяхаттың романтикасы сезіліп тұрды. Сол жылдары Политех өзінің түлектерімен, олардың қажеттіліктерімен, тек қана өнеркәсіп саласында емес, мәдениет саласында да дүрілдеп тұрды. «Дос-Мұқасан» ансамблінің өзі қандай? Біздің альпинистер, спелеологтар, жеңіл атлеттер, баскетболшылар мен волейболшылар көптеген басқа командаларға төтеп берді. Өмір әртүрлі еді, студент осының ішінен өзінің сүйікті ісін оңай тауып, дами алатын.

Политех  пен Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ мен үшін тірлігімнің, өсуім мен дамуымның бастауы.

Геологиялық барлау факультетін өз еркіммен таңдадым, өйткені спортпен айналысатынмын (ол кезде Қазақстан жастар құрамасында болдым), тау мен саяхатты жақсы көрдім, көп оқыдым, әсіресе фантастикалық шығармаларды, Жер мен ғарыштың құпиясын тануға тырысып, ғылыми-көпшілік әдебиетті көп оқыдым. Жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша мамандандыру маған бірінші курстан бастап геологиялық пәндерді түсініп оқып, студенттік ғылыми конференцияларға қатысуыма мүмкіндік берді. Сүйікті пәндерім минералогия, петрография, геологиялық карталау, пайдалы қазбалар кенорындарының геологиясы,  кенорындарын іздеу және барлау еді. Мен үшін ең қиын пән жалпы геология болды. Ярмак Григорий Александрович бізді жұмыс ырғағына енгізді және геология бойынша ақпаратты жүйелі игерудің негізін қалады, егер уақытында тапсырмаларды орындап және кез келген ақпаратқа ойланып қарамаса, дер кезінде сұрыптап және тәжірибемен бекітпесе, алған білім пайдасыз екенін ұғындырды. Дәл сол кісі бізге, оң-солын танымаған, бірақ мақсатшыл бірінші курстықтарға, толып жатқан ақпараттың астында өміріңнің аяғына дейін көміліп қалуың мүмкін, сол үшін де алғы шарттарын бөліп алу керек, бастысы – таза білімді жалғаннан ажырата білуді, жай қозғалып, бірақ  саналы қимылдауды үйретті. Біз осы қағиданы игере алдық.

Екінші курста кристаллография негіздері мен минералогия пәні басталды. Курсты профессор Е.А. Анкинович жүргізді. Әлемге  әйгілі және ғылыми өмірбаяны бай минеролог-әйел, Қазақстанның минералогия кенорындарын үйренумен әуестенген және солардың негізінде көптеген жаңа минералдар ашқан адам. Біз ол кісіге ғашық едік, бұл сүйіспеншілігіміз сабақта да көрініп тұратын. Жер қойнауы заттарын білу оларды үйренудің негізі болды, сондықтан біз зертханаларда, мұражайларда уақыттың қалай өткенін білмей жүре беруші едік. «Далада кеңес беруші жоқ және затты сен дұрыс анықтай аласың ба – ол тек өзіңе ғана байланысты, әйтпесе барлық жұмысың зая кетеді» деген түсінікті басымызға әбден қалыптастырған еді. Осы ой бізге қамшы салды.

Ең бастысы, Политехте қалыптасқан жайт – бұл жұмыс ырғағы еді,  кәсіби сапасы бойынша тыңғылықты таңдалған мамандар мен педагогтерге деген сенім және көзбояушылықтың болмауы. Сабақтар түске дейін болды, сабақтан кейін кафедра зертханаларында немесе кітапханаларда өздік жұмыстармен айналыстық. Үнемі жұмысбастылық пен атқарылған жұмыстан, үздік қорғалған курстық жобаны қорғаудан ләззат алу, оқу процесінде туындаған сұрақтарға жауап іздеу және кәсібіңе беріліп істеу, ал жұмыс арасында махаббат мен достық жайлы пікірсайыстар жасау – міне, осының бәрінен біз ләззат алдық және маман да болдық, тұлға болып та қалыптастық.

Ең бастысы, Политехте қалыптасқан жайт – бұл жұмыс ырғағы еді,  кәсіби сапасы бойынша тыңғылықты таңдалған мамандар мен педагогтерге деген сенім және көзбояушылықтың болмауы.

Ғылыми-зерттеу жұмысымен мен бірінші курстан бастап айналыстым. Басында (1, 2-курс) нақты бір тақырыптар бойынша рефераттар болды, кейін тәжірибелік-зерттеу жұмыстары. Жетекшілерім тақырыпқа байланысты ауысып отырды. Өндірістік тәжірибеден кейін геологиядағы проблемалардың күрделілігі мен әр қилылығын сезіну басталды. Тұтас бір мұхит екенін байқадық, ал таңдау біреуінде ғана және өміріңнің аяғына дейін соған адал болуға тиіссің.

Дипломдық жобаларымыз бізде типтік формада, бірақ мазмұны жағынан өте шынайы болды, өйткені диплом алды қорғауда біздер әртүрлі ұйымдарда болып қайттық. Ол кезде әр ұйымның өз ерекшелігі бар еді және нақты жобалар бойынша жұмыстар атқарылды. Осыған байланысты біз, студент-практиканттар, оқу кезінде де жұмыс істей алдық, тек қана далада емес, аяқталған есептерді дайындап, ғалымдармен бірлесіп материалдарды камералдық өңдеу сатысында да жұмыс істедік. Жалпы, геология дала жағдайында деректер жинамаса болмайтынын және жиналған материалды жақсы зертханалық-аналитикалық базасыз, техникалық аспапсыз және құралсыз, әрине, жоғары білікті мамандарсыз өңдей алмайтынын ескеру керек. Осы қарбаластың ішінде студенттер жүрдік. Менің жетекшілерім профессорлар Георгий Цараевич Медоев пен Екатерина Александровна Анкинович, доценттер Григорий Александрович Ярмак пен Радек Сабирович Качурин, сондай-ақ біліктілігі жоғары Двойченко Нонна Константиновна мен Парецкий Игорь Ильич болды.

Өмір сенің жасаған кейбір жоспарларыңа өзгертулер енгізеді, әйтсе де менің кәсіби тағдырым сәтті шықты. ЖОО аяқтар алдында тұрмыста болдым (жолдасым – геолог), ұл тәрбиеледік. Жолдасыммен бірге жұмыс істеу үшін Іздеу-түсіру экспедициясына барамын деп жүргенде, ЖОО министрлігінің бөлуі бойынша кафедраға жолдама берілді, ол жерде ассистенттен бастап доцентке дейінгі әртүрлі қызметтерді атқардым, ГБФ деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болдым, бас-аяғы 36 жыл жұмыс істедім (1975 жылдан 2011 жылға дейін). Кафедраға жібергені менің белсенділігім мен жақсы дайындығыма, геология мен ғылыми зерттеуіме деген сүйіспеншілігіме байланысты деп есептеймін.  

Қазір мен ҚР Парламент Мәжілісі VI шақырылымының депутаты, ҚР Парламент Мәжілісі Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің хатшысы, Қазақстан өндірістік геология ұйымы қауымдастығының президенті, ҚР ҰКП «Атамекен» президиумының төралқасы, Геология, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің Геологиялық сала қосалқы комитетінің төрағасымын.

Политех  пен Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ мен үшін тірлігімнің, өсуім мен дамуымның бастауы.

12 желтоқсан 2019 8611
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту