Ақпарат:

Бегімбет Әбдіхан Ермаханұлы

Бегімбет Әбдіхан Ермаханұлы

Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының академиялық кеңесшісі

calendar
Оқу жылдары: 1950-1955 жж.
cap
Мамандығы: "Тау-кен инженері"

Мен 1933 жылы 21 желтоқсанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауылында дүниеге келдім. Орта мектептен кейін 1950 жылы Қазақ Тау-кен металлургия институтының Тау-кен факультетіне оқуға түстім. Бұл институт қазіргі ҚазҰТЗУ немесе Satbayev University.

Институттан кейін 1955 жылы өзімнің еңбек жолымды "Ачполиметалл" комбинатында бастап, комбинат кәсіпорындарында еңбек демалысына шыққанға дейін жұмыс атқардым.  Жас маманнан комбинат басшыларының біріне дейін көтеріле жүріп, тау-кен металлургия саласында ел игілігі үшін адал еңбек еттім деп сенімді айта аламын. Жалпы жер асты еңбек өтілім –  44 жыл.

Менің жерасты тәжірибем - 44 жыл.

1968 жылдан 1970 жылға дейін жергілікті мамандарға тау-кен саласының қалыптасуына көмек көрсету үшін Алжирге жіберілген болатынмын.

Өндірісте жұмыс істеп жүрген кезімде де және еңбек демалысына шыққаннан кейін де өз біліміммен, жинақталған тәжірибеммен мамандармен және ғылыми қызметкерлермен бөлісіп отырдым. Бес өнертабыс пен жиырма рационализаторлық ұсыныстарды қорғап, оларды тәжіриге енгіздім. Сол үшін 1978 жылы "КСРО өнертапқышы" төсбелгісіне ие болдым. Өнертабыстар кенді өндіруді арттыруға және жұмыс циклдарын жеделдетуге мүмкіндік береді. Оның ішінде:

  1. Шпурларды зарядтау кезінде жарылғыш заттардың шаңын басқаруға арналған құрылғы, № 754055, 1978 ж.
  2. Тірек кентіректерін алу тәсілі, № 838093, 1979 ж.
  3. Тірек кентіректерін алу тәсілі, № 877018, 1980 ж.

1980 жылдан 1987 жылға дейін Шалқия кен орнын нөлден бірінші ілгегіне дейін  игеруді басқарып, Қызылорда облысындағы Шалқия кенішінің және салынып жатқан қаласының бірінші директоры болдым. Кейінгі жылдары зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін "Ачполиметалл"комбинатының бас инженерінің орынбасары болып жұмыс істедім. 90-шы жылдары "Ачполиметалл"комбинатында бас директордың кеңесшісі болып жұмыс істеуге шақыру қағазы келді. Кентау қаласында "Қазақ тілі" қоғамын құрып оны басқардым.

Мен Жұмабек Еділбаевтың "Тереңдегі тебіреністер"  романының бас кейіпкерінің прототипі  (Алматы қ., "Жазушы" баспасы, 1984 ж.), "Арпалыс" (КТК телеарнасы бойынша көрсетілді) деректі фильмінің кейіпкері, "Қырық үш Қонаевқа хат ", "Елу жылда – Ел жаңа", "Тағдыр", "Замандастар"сияқты тарихи-деректі повестердің кейіпкері болып табыламын. Мен жайлы, менің өмірім мен жүріп өткен жолым жайлы  Ж. А. Оралбаев  та "Қазақ жерінің зиялы азаматтары – Почитаемые люди казахской" кітабында сөз қозғады (Алматы қ., "Дәуір"баспасы). 2013 жылы "Кенші келбеті" атты кітап жазып, басып шығардым, ол ҚР Ұлттық кітапханасы мен Кентау қаласының кітапханасында бар. Шығармашылықтың арқасында мен 17-ден астам әннің (соның ішінде "кеншілердің вальсі") композиторы және авторы болдым. Менің қызым және төрт ұлым менің жолымды қуып, ҚазПТИ-да жоғары техникалық білім алып, тау-кен инженерлері атанды. Біздің отбасымызды тау-кен инженерлері династиясы деп атауға болады.

Біздің отбасымызды тау-кен инженерлері династиясы деп атауға болады.

Мен белсенді өмір сүру салтын ұстанамын. 1957 жылы Мәскеуде өткен жастар фестивалінде Қазақ КСР-ден делегат болып қана қоймай, Қазақ КСР 1974 жылы КСРО ХШЖК қатысушысы болдым. Халық игілігі үшін атқарылған көпжылғы адал еңбектерім үшін "Ачполиметалл" комбинатының еңбек сіңірген ардагері" (1989 ж.), "Кентау қаласының Құрметті азаматы" және "еңбек майданының қатысушысы" 2019 ж. Қазақстанның ұлттық тау-кен ғылымдары Академиясының "академиялық кеңесші" құрметті атақтарына ие болдым.

КСРО және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және салалық наградаларының кавалерімін. Олар: 1986 ж. (КСРО) "Халықтар Достығы" ордені, 1978 ж. "КСРО өнертапқышы" төсбелгісі, 1984 ж. (КСРО) "Еңбек ардагері" медалі, 1976 ж. (КСРО) "9-шы бесжылдық Ударнигі" төсбелгісі, 1974 ж. "Социалистік жарыстың жеңімпазы" төсбелгісі. (КСРО), "Ерен еңбегі үшін" медалі (Ресей Федерациясы, 2010 ж.), "ҰОС Жеңіске 50 жыл" медалі, "ҰОС Жеңіске 55 жыл" медалі, "ҰОС Жеңіске 60 жыл" медалі, "ҰОС Жеңіске 65 жыл" медалі, "ҰОС Жеңіске 70 жыл" медалі, "Кентау қаласының Құрметті азаматы" төсбелгісі 2005 ж., "Армия генералы Нұрмағанбетов" медалі, 2014 ж. "Университеттің дамуына қосқан үлес үшін" ҚазҰТЗУ-дің 80-жылдығына арналған медалі, 2014 ж. "Тау-Кен саласының батыры" (Тау-кен ғылымдары Ұлттық Академиясы, 2018 жыл), "Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-ға 85 жыл» медалі 2019 жыл.

1 ақпан 2020 6239
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту