Ақпарат:

Бимағамбетов Тимур Мұстахиұлы

Бимағамбетов Тимур Мұстахиұлы

«ҚазМұнайГаз» МК АҚ экс вице-президенті

calendar
Оқу жылдары: 1973-1978 жж.
cap
Мамандығы: "«Мұнай және газ кенорындарын әзірлеудің технологиясы мен кешенді механизациясы»"

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық  институтына 1973 жылы түстім. Таңдау әкем Бимағамбетов Мұстахи Латипұлының талап етуімен болды. Әкемнің негізгі мамандығы педагог болғанымен, мансап жолындағы кезеңдерде журналистикамен де айналысқан. Облыстық газеттің тілшісі, аудандық газеттің редакторы болды. Осы уақыттарда ол Маңғышлақ өңірінің барлық бұрыштарын аралаған және осы кездер Өзен мен Жетібайдағы мұнай және газ кенорындарын ашумен сәйкес келген. Осы өңірлердегі қолжетімсіз бұрыштардағы жер қойнауын барлау бригадаларына бірнеше мәрте барған. Осындай іссапарларда ол мұнайшылар мен газшылардың ауыр және қаупі жоғары кәсіптеріне үлкен құрметпен қараған.

Шевченко қаласындағы орта мектепті бітірген кезімде әкемнің ұсынысы бойынша ары қарай оқуым тек қана жоғары мұнай білімін алу болды. Осылай ҚазПТИ-дің мұнай факультетіне оқуға түстім. Мамандық жөнінде менде ешқандай түсінік болмағаны айтпаса да түсінікті еді.

Менің мамандығым ҚазПТИ  мұнай факультетіндегі «Мұнай және газ кенорындарын әзірлеудің технологиясы мен кешенді механизациясы», қысқартылған түрде біздерді «Әзірлеушілер» деп атады. Біз мұнай өндіру технологиясы – мұнай өнеркәсібіндегі ең қызық сала деп болжадық.

Мұнай өндіру технологиясы – мұнай өнеркәсібіндегі ең қызық сала деп.

Оқу кезінде маған ең қатты ұнаған пән – «Мұнай өндірудің технологиясы мен техникасы» болды. Оны біз басқа арнайы пәндер секілді үшінші курстан бастап оқыдық. Дәл сол кезде мен үздіктер қатарында болып, жоғары шәкіртақы 62,5 сом алдым (ол кездегі стандартты шәкіртақы 50 сом). Ал ең қиын пән, әдеттегідей, топтағы басым көпшілігі үшін «Материалдар кедергісі» болды, студенттер арасында «Сопромат» деген атпен мәлім. Өкінішке орай, пәннің мәнін басынан түсінбегеннен кейін, маған жаттауға тура келді. Нәтижесінде «үш» деген бағаға тапсырдым және оған өзім риза болдым.

Арнайы пәндерден сабақ берген оқытушылардан есімде екерше қалғандары Захаров Олег Петрович, Горгель Евгений Павлович, Омаров Пунктбай Омарұлы. Олар өте сауатты, талапшыл, сонымен қатар психолог еді, біздің ойымызды айтпай оқитын және бізді ең бастысы лайықты адам болыңдар, содан кейін жақсы маман болыңдар деп үйреткен еді.

 Студенттік кезеңдердегі ең есімде қалғаны дипломдық жобамен жұмыс жасау болды. Осы кездерде студенттер мен оқытушылардың барлық мінездері байқалады, оқытушыларымыз жобамызды ойдағыдай аяқтап, ойдағыдай қорғауға бізден ары уайымдады, біздің жобамызға үлкен қолдау көрсетті.

Дипломдық жұмыс Өзен кенорнының 13-көкжиегін әзірлеудің талдауына арналды, онда мұнай қыртыстарына термиялық әсер етуге байланысты күрделі есептеулер болды. Диплом алды тәжірибе кезінде 1977 жылы кенорнында айтарлықтай материал жинағаным маған көп көмегін тигізді. «Өзенмұнай» НГДУ РИТС-4 жетекшілері маған көп көмектесті: Боранбаев М.Б., Кубышев З.К., Кусаев Х.Н. және т.б. Кейінірек, өндірісте жұмыс істеп жүргенімде, кейінгі түлектер менің дипломдық жұмысымнан мәліметтер пайдаланғанын естідім, әрине, мен оған қуандым.

Институт аяқтағаннан кейін, кеңес дәуірінде қабылданған тәртіп бойынша мен «Жетбаймұнай» мұнай-газ өндіру басқармасы,  «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігіне  жіберілдім. НГДУ  бастығы М.Г.Саламатовпен әңгімелескеннен кейін мені Абдуллаев Рамистің бригадасына ұңғымаларды жерасты жөндеу цехына жіберді. Біраз уақыттан кейін №2 мұнай және газ өндіру цехына шебер көмекшісі болып ауыстым, цех бастығы Ж.Н.Жалғасов болды.

Маған сеніңіздер, ол соған тұрарлық!

Институтта алған білімім жұмыстың бастапқы кезеңінде маған көп көмек болды, әсіресе, Х.С.Хайрушев жетекшілігімен істеген инженер-технолог жұмысы кезінде, ары қарай білімімді өндірісте алған тәжірибем толықтырды. Үш жыл еңбегімді өтегеннен кейін жас маман ретінде «Комсомолмұнай» НГДУ-ға ауыстым, онда кәсіби өсудің барлық сатысынан өттім, ұңғымаларды зерттеу жөніндегі  оператордан бастап НГДУ бастығының бірінші орынбасарына дейін көтерілдім. «Қазақойл» ЖАҚ, «Мұнай және газ көлігі» ЖАҚ, «ҚазМұнайГаз» МК АҚ, «ҚазМұнайТеңіз» ШМК АҚ қызметтер жасадым. Менің соңғы қызметім  «ҚазМұнайГаз» МК АҚ аға вице-президенті болды. Қазір мен зейнеткермін.

Институтта алған білімім мені техникалық әдебиеттермен жұмыс жүргізу машығына, процестерді талдауға арналған үлкен көлемді мәліметтермен жұмыс істеу дағдысына бейімдеді, жұмыстың нәтижелі болуына жауапкершілік алуға, шыншылдыққа, еңбексүйгіштікке үйретті.

Кейінгі студент ұрпақтарыма,  Университетке диплом үшін емес, өз ісінің кәсіпқой маманы болуы үшін түс дегім келеді. Бұған қол жеткізу үшін табандылық пен уақытша қара жұмыс қажет, бірақ, маған сеніңіздер, ол соған тұрарлық!

2 наурыз 2020 7030
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту