Ақпарат:

Бітімбаев Марат Жақыпұлы

Бітімбаев Марат Жақыпұлы

«Корпорация Қазақмыс» ЖШС сарапшысы

calendar
Оқу жылдары: 1957-1962 жж.
cap
Мамандығы: "Тау-кен инженері"

Оқуға ҚазТКИ-дің Тау-кен факультетіне 1957 жылы түстім, қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың бұрынғы атауы. Тау-кен инжері болуға деген талпыныс (әкем мал дәрігері, агроном немесе зоотехник ретінде көрсе, анам мектеп мұғалімі болып үйге оралғанымды қалады) 1957 жылдың маусымында бүкіл сынып болып мектеп бітіру кешінен кейін велосипедтеріміз бен мотоциклдерімізді алып табиғат аясына барғаннан басталды. Біз Ақжар ауылынан 10-12 км жердегі Толағай тауынан ағаш қақпақпен жабылған ішіне қарай баспалдақ кеткен жасанды тесік таптық. Біз, екі жігіт екі баспалдақ төмен түсіп едік, барлығы қозғалып, сықырлаған соң қайтадан шапшаң көтерілуге мәжбүр болдық. Кейін әкемнің досы ол жерде 30-40 жылдары көмір кен орнын тапқан геологтердің жұмыс істегенін айтты. Естіген сөздерім мен таудағы көргенім жер қойнауынан табиғат байлығын өндіре алатын маман болғым келетін шешімімнің бастамасы еді. Болашақ мамандығымның күрделілігін толық елестете алмасам да, менің орным табиғаттың мінез-құлқын жақсы түсініп онымен етене жақын болатын жерде екенін сезіндім. Менің, ауылдан шыққан 17 жасар баланың елестетуінше, кенші жер қазынасының иесі еді.

Студент қойылған тапсырмаларды шығармашылық таныта орындап, өздігінен ойлана білуі керек.

Оқу барысында қажеттілігіне қарай барлық пәнге бірдей қарадым, бірақ алғашқы екі курс солардың ішінде жоғары математика, химия, сызу геометриясы, машинажасау сызуы, материалдар кедергісі, геология негіздері, кристаллография, минералогия сүйікті пәндеріме айналды. Үшінші курстан бастап «Машиналар бөлшектері», «Машиналар мен механизмдер теориясы», «Тау-кен жұмыстарының негіздері» сүйікті пәндеріме айналды. Бұл пәндер инженерлік білімнің негізі болды және өте талантты оқытушылар сабақ бергендіктен ең қажет пәндер қатарына қостым.

 Қандай да бір пәндер маған қиын болды деп айта алмаймын. Бірақ өте көп студент жиналған дәрістер қызықсыз болды деуге болады (практикалық сабақтар мен лабораториялық жұмыстар әлдеқайда қызығырақ өтетін). Соңына қарай пәнді тереңірек түсініп практикалық тапсырмаларды орындай бастағанда қызық бола бастады. Мысалы, «Саяси экономика» немесе «Тарихи және диалектикалық материализм» – біз капиталды және тауарларды қозғалыстың теориялық негіздерін және олардың бір-біріне өзара әсер етуін немесе қоғамның спиральды дамуын және белгілі бір заңдарға бағынышты басқа да қоғамдық тәртіптің шарттарын қолдану мәселелерін өттік.

Өзі де қайталанбас тұлға болған Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыровтың айналасында мектептен жаңа түлеп ұшқан, кеше ғана зауытта жұмыс істеген немесе совет әскері қатарынан енді ғана келіп отырған бір-біріне ұқсамайтын біздерді тең санап, болашақ мамандығымызға деген сүйіспеншілігімізді және жерасты сұрапылының зерттелмеген күштерін тануға деген ұмтылысымызды бойымызға сіңдірген данышпан жетекшілердің тобы жиналды.

Институтқа түскен күннен бастап 62 жыл өткеннен кейін бүкіл Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған қарапайым жігіттер мен қыздардан кенші мамандығының нағыз инженерлерін дайындап шығарған ректор Ө.А.Байқоңыровқа, оқытушыларымыз бен тәлімгерлерімізге алғысым шексіз.

ҚазТКИ біз үшін алғашқы күндерден бастап туған үйімізге айналды, өйткені жатақханалардың жетіспеушілігіне қарамастан (бірінші жылы көпшілігіміз жекеменшік секторда тұрып, төсек-орынды жалға алып, жеке үйдің бір немесе екі бөлмесін 7-8 адам жалдап тұрдық) сабақ оқып қана қоймай, қоғамдық өмірге белсене араластық. Институтта театр студиясы, вокалдық-аспаптық ансамбль – Қарағанды қаласы көмір шахталарының болашақ бас маркшейдері саксофонист М.Куленовтың басшылығымен бүкіл Алматыда танымал болған джаз оркестрі жұмыс істеді. Химиялық және физикалық зертханалармен, жарылыс және механикалық шеберханалармен біріктірілген техникалық үйірмелер, қызықты құбылыстар туралы практикалық білімдерге ғана емес, сонымен қатар жұмыс мамандарын да дайындаған үйірмелер жұмыс істеді. Шаңғы жарысы, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, еркін және классикалық күрес, самбо және дзюдо спорт клубтары физикалық күшті болуымызға ғана емес, шаршауды жеңуге және оқуға керек күш-қайрат алуға көмектесті.

Екінші курста барлығымыз жатақханадан орын алып, тау-кен-металлургиялық институтының қазіргі ғимаратының жаңа дәрісханалары мен зертханаларында оқи бастағаннан кейін біз қамқорлықты бірден сезіне бастадық.  

Институттың кәсіподақ комитеті ректорат пен топтың старосталарымен бірге студенттердің, әсіресе, отбасын құрғандардың өмір сүру, денсаулық жағдайларын назар аударып, үнемі шипажай мен курорттық емделуге жолдамалар беріп, ақшалай көмек көрсететін.  

Жыл сайынғы ақы төленетін тәжірибе (мысалы мен Лениногор ЖМК-дағы «БЛКЖО-ға 40 жыл» атындағы кеніште тіреушінің орнында, Қарағандыдағы “Жаңа” шахтасында кен қазушы және Украинаның Кривой Рог қаласындағы К.Либкнехт атындағы кеніште бұрғылаушы көмекшісі болдым) мен Павлодар, Қостанай облыстарында астық дақылдарын жинау кезіндегі кеңшарлар мен ұжымшарлардағы ақы төленетін жұмыстар бізге жап-жақсы ақша табуға, таза ауада демалуға, керекті мамандықтарды (бұрғылаушы, скреперші, тіреуші, тракторшы, комбайншы) игеруге мүмкіндік берді.  

Жалпы институтта өткен барлық оқу күндерімді өмірімнің ең бақытты кезеңдерінің бірі ретінде еске түсіремін. Бұл, әсіресе, бізге, қаланы алғаш көріп, қала өміріне бас сұққан және бірінші рет туған үйден сыртқа шыққан жастарға керек болды. Біз осы жылдарда оқуымыз тек бізге ғана емес, біз де институтқа керек екенімізді сезіндік.

Оқуды бітірер кездегі менің жоспарым күндізгі аспирантурада оқуменен байланысты болды. Өз келесіміммен О.А.Байқоныровтың ұсынысы бойынша аспирантурада қалдым, бірақ кейінірек өз қалауым бойынша аспирантурадағы оқуымды тастап, өндіріске Ащысай көпметалды комбинаттың “Батыс” кенішіне тау-кен шебері ретінде ауыстым. Оның себебі бір ғана: отбасымның үлкені ретінде кіші іні-қарындастарымды өсіруге ата-анама көмек көрсетуім керек болды.  

 Жұмыстағы алғашқы айлар технологиялық қамсыздандыру мен өндірісті ұйымдастыру бойынша институтта алған білім шындыққа қаншалықты сәйкес екендігін көрсетті. Инженерлік еңбектің бірінші сатысы, жерасты жағдайында жұмыс істеген сол кездерден бастап, 57 жыл ішінде КСРО-ның ең үлкен Ащысай және Ертіс кен байыту полиметалл комбинаттарының директорынан бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстанның Өнеркәсіп министрінің орынбасары, Геология және жер қойнауын қорғау министрінің орынбасары деңгейіне көтерілдім. Барлық мансаптық сатыны өте келе: «ҚазТКИ-де алған білімім – табыс пен қабылданатын жауапты шешімдердің берік іргетасы болды» деп айта аламын.

2019 жылдың 18 тамызында мен 79-ға толамын, бірақ ескі заңы бойынша 1990 жылы 50-ге толып зейнетке шықсам да жұмыс істеуімді жалғастырып келемін. Қазіргі таңда мен еліміздің мақтанышы - “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС мекемесі жетекшілігінің тапсырмаларын орындап, сарапшы жұмысын атқарамын. Осы мекеменің негізгі Жезқазған кен орнын Қазақстанның ұлы перзенті және ұлы ғалымы - геологі, экономисті, саясаткері, адам жанын жетік білуші Қаныш Имантайұлы Сәтбаев барлап, ашып кеткен. Оның 120 жылдығын барлық ғылыми әлем мен геологтер, тау-кеншілер, кен байытушылар, металлургтердің инженерлік корпусы атап өтіп, жеріміздің қарапайым адамдары оған шексіз ризашылығын білдіруде.  

Институтта алған білімім, еңбектегі адамға, өзінің мамандығына деген сыйластық рухындағы тәрбием, адалдыққа, еңбекқорлыққа, қойылған тапсырмаларды орындауда шығармашылық көзқараспен қарауға үйрететін профессор-оқытушылардың құрамының үздіксіз позитивтік үлгісі менің адам әрі инженер болып қалыптасуымда шешуші рөл атқарды.

Тау-кен ісі мен онымен қатарлас жүретін, оған дейін болған және одан кейін келетін технологиялық және өндірістік үдерістер өз еңбегінің жемістеріне құштар маманнан толық жан-тәнімен берілуін, терең жалпы техникалық және кәсіпқой білімді, осы білімді кез-келген өндірістік жағдайда қолдана білуді, қиын жағдайда басқа біреудің артына тығылмай оқиғалар өтінде болуды, өзінің жауапкершілігін түсінуі мен ең қарапайым және күнделікті тапсырмаларды орындауда шығармашылық көзқараспен қарауды талап етеді.

Менде мұндай қасиеттер бірінші күннен бастап оқытушылар мен бізден жоғары оқыған топтас-жолдастар әрбірімізден тау-кен инженерін қалыптастыруға тырысқан институттың арқасында пайда болды. Себебі, адам тау-кен инженері болып тумайды, ол институт қабырғасында қалыптасады.   

Тау-кен ісі өмірдегі барлық затты анықтамайды, бірақ тау-кен ісі болмаса ешнәрсе болмас еді.

Қазіргі заманның түлектері ғылыми-техникалық прогрестің деңгейі мен күйіне қарамастан олардың білімдеріне қоятын талаптарға сәйкес болуы керек.  

Студент қойылған тапсырмаларды шығармашылық таныта орындап, өздігінен ойлана білуі керек. Себебі өндірістік ахуал студент өндірістегі инженер ретінде басшылыққа алатын жоба арқылы ескерілмейтін мәселелерді де кенеттен қою мүмкін. Ол әрқашан өз-өзін жетілдіруге дайын болып, үнемі ауысып отыратын жағдаяттар мен тау-кен-геологиялық жағдайларда қарауындағы адамдардың денсаулығы мен өмірлерінің сақталуын, өндірістік жоспардың орындалуын және тиімді өзіндік құны жоғары өндіріс мәдениетімен ұштастырып қамтамасыз етуді ойға ала отырып, инженерлік шешімдерді тез әрі жылдам қабылдай алу керек. 

Ұлы физик, материя құрылысының кванттық теориясын жасаушы Макс Планктың айтқаны сөзі естеріңде болсын: «Тау-кен ісі өмірдегі барлық затты анықтамайды, бірақ тау-кен ісі болмаса ешнәрсе болмас еді». 

Қазақстан картасында жаңа кеніштердің, фабрикалардың, зауыттардың шамдарымен жарқырайтын геологтердің жаңа ашылымдарының уақыты әлі алда және еліміздің экономикасында қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ студенттері – өндірістің болашақ көшбасшыларының үлесі елеулі болмақ.

16 наурыз 2020 7021
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту