Ақпарат:

Есболатова Зейнеп Мұстафақызы

Есболатова Зейнеп Мұстафақызы

Н.А. Марабаев атындағы «Мұнайшы» Ашық қорының атқарушы директоры

calendar
Оқу жылдары: 1974-1979 жж.
cap
Мамандығы: "Мұнай техникасы"

ҚазПТИ-ге 1974 жылы түстім. Сол кезде стендтен ГН-74 тобына қабылданатын 25 талапкердің небәрі 6-ы ғана құжат тапсырғанын көрдім де, ЖОО-на өз күшіммен түсу үшін, жетінші талапкер болып мұнай факультетіндегі «Мұнай және газ кен орындарын әзірлеу» кафедрасын таңдадым. Дәл сол сәтте қандай мамандыққа оқитыным және келешекте немен айналысатыным маған белгісіз болды. Алайда 1975 жылы Жаңаөзенде тербелмелі ұңғыманы (скважина) көргенде, өз мамандығыма деген қызығушылығым оянды. Бұл сондай әсерлі болған еді. Маған олардың қозғалысын бақылау ұнады, оның тербелісі сондай, тура бір сіздің ойыңызбен келісіп, сізге қол бұлғап тұрғандай әсер қалдырды. Сөйтіп, Жданов атындағы 8 жылдық мектептен кейін Комаров атындағы №8 мектептің түлегі атанып, Арыс өңірінен шыққан алғашқы «мұнайшы қыз» мен болдым. Осылайша нағыз мұнайшылар арасында еңбек етіп, өмір сүруге мүмкіндік берген тағдырыма ризамын.

Біздің тобымыз факультеттегі ең мықты топ болды. Басында 25 адам болдық, ал соңында 30 студент аяқтадық, яғни топ басшымыз И.Қожахметовпен бірге тағы да 5 студент қатарымызға қосылды. Біздің тәлімгеріміз Ғалиасқар Мұратұлы Нұрсұлтанов ерекше жан еді, 5 жыл бойы бізге шабыт беріп, нағыз досымызға айналды. Сондай-ақ бізге сауатты білім беру үшін адал еңбек еткен оқытушыларымыз, әрі студенттер үшін жандары ауыратын нағыз азаматтар да аз болған жоқ, олар: О.П.Захаров, Ғ.М.Нұрсұлтанов, В.А.Тен, Б.С.Толыбеков және т.б. еді. Оларға деген алғысым шексіз!

Әлі есімде, ол кезде студенттердің бәрі дерлік ғылыми-зерттеу жобаларымен айналысатын. Маған мұнай мен газ өндірудің техникасы және технологиясымен айналысу қызық болды. Олег Петрович Захаров ғылыми жетекшім болды да, жұмыстың нәтижесі менің дипломдық жұмысыма кірді. Дипломдық жұмысымның тақырыбы «Өзен кенорнында типтік ұңғымалар үшін мұнай өндірудің оңтайлы механикаландырылған тәсілін таңдау» деп аталды. Мен оны «беске» қорғап шықтым, ал дипломның нәтижелері Өзен кен орындарына енгізуге ұсынылды.

Ақылды, креативті, мақсатшыл жастарды тәрбиелеп шығару үшін біздің Университетте барлық.

 Менің еңбек жолым жоғары курстарда оқып жүргенде басталды, ол кезде студенттерді өз беттерінше жұмыс жасауға баулитын еді. Мен мұнай өндіру бойынша оператор ретінде жұмысқа қабылдандым. Әлі есімде, мен ұңғымаларды аралап, олардың жұмыс тәртібін реттедім, сынамалар алдым, сағалық қысымдардың өлшемін өлшедім, тығыздамаларды ауыстыру және жөндеу, сорғыларды тазалау, эксплуатациялық рапорттар дайындау сияқты жұмыстар жасадым. Бір күні ұңғымаға тығыздама қағып жатқанымда, бірдеңе тырс ете қалды: көзді ашып-жұмғанша мұнай атқылап, басымнан аяғыма дейін май болдым, әрең дегенде жуып кетірдік. Осылайша бұл менің мұнайшы қатарына қабылданған сәтім болды, содан бері кәсібіме адалмын. Менің болашаққа құрған жоспарларым мамандығым бойынша атқарылатын жұмыспен байланысты болды, мен сол үшін де мақтанамын.

1979 жылы ҚазПТИ-ді бітіргеннен кейін жолдамамен Шевченко қаласындағы (қазіргі Ақтау қаласы) ҚазҒЗЖИмұнай-ға келдім, онда мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жөніндегі инженер ретінде жұмысқа қабылдандым да, 7 жыл ішінде аға ғылыми қызметкерге дейін өстім. Соңғы 40 жыл ішінде мұнай-газ саласын меңгере отырып, үлкен тәжірибе жинақтадым. 1996 жылы ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігіне шақырту алдым, ол жерде жаңа инвестициялық мұнай жобалары бойынша кен орындары мен техникалық-экономикалық бағалауды әзірлеу мәселелерімен айналыстым. МГӨМ тарағаннан кейін «ҚазақОйл», «ҚазМұнайГаз», «Қазгеокосмос» компанияларында, «ҚМГ Қашаган Б.В.» компаниясының атынан «North Caspian Operating Company» халықаралық компаниясына іссапарға бару секілді қызметтер атқардым. Үнемі қызықты жобаларда жұмыс жасау жағынан жолым болды.

2009–2017 жылдары «North Caspian Operating Company» техникалық директоратының Техникалық реттеу бөлімін басқардым. Ал 2018 жылы аға мұнайшы ардагерлер мен қоғамдық қайраткерлерді қолдау үшін, олардың қызығушылықтары мен бүгінгі таңдағықажеттіліктерін ұсыну, олардың білімі мен тәжірибесін қолдана отырып болашақ ұрпаққа естеліктер кітабын дайындау үшін құрылған Н.А.Марабаев атындағы «Мұнайшы» Ашық қорының Атқарушы директоры лауазымына шақырды.

Мұнай-газ саласында кәсіби маман ретінде өзімді дамыту жолымда маған ҚазПТИ қабырғасында алған білімім, күш-жігерім мен төзімділігім көмектесті. Бәрін еске түсіре отырып, Университетте шақыртылған лектор есебінде дәріс оқысам қызық болар еді деп ойлаймын, өйткені кейінгі ұрпақпен бөлісетін ойларым жеткілікті.

Бүгінгі таңда кез-келген ЖОО үшін оның түлектерінің өзін-өзі дамытуы өте маңызды. Ақылды, креативті, мақсатшыл жастарды тәрбиелеп шығару үшін біздің Университетте барлық жағдайлар жасалған, олардың басқаға ғана емес, бірінші кезекте, өздеріне талапшыл болғаны қажет. Қысқасы, ізденіңдер, байқап көріңдер, ең бастысы – өз-өздеріңе адал болыңдар!

5 маусым 2020 7071
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту