Ақпарат:

Герштанский Олег Сергеевич

Герштанский Олег Сергеевич

«Мұнай-газ өнеркәсібі институты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы

calendar
Оқу жылдары: 1973-1978 жж.
cap
Мамандығы: "Геофизика"

1973 жылы мен В.И Ленин атындағы ҚазПТИ-ге түстім. Ол Қазақстандағы ең басты техникалық жоғары оқу орны болғандықтан, мен, әрине, соны таңдадым.

Мен оқыған геофизикалық факультеттегі «Сейсмикалық барлау» пәні маған өте қатты ұнайтын, өйткені ол жер қыртысының құрылысы туралы терең білім береді. Ал оқытушылардан Цветков Д.В. – кафедра меңгерушісі,  Каримов М.Г. - геофизикалық факультеттің деканы; Гульницкий В.Л. – графика пәнінің оқытушысы; Боровинский С.А. – дала сейсмикасы пәнінің оқытушысы; Құлыбеков Б.А. – петрофизика пәнінің оқытушысын зор құрметпен еске аламын.

Мен 3-курстан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдана бастадым. Менің тобымда көпшілігі  Каспий маңы аномалиясы қалдықтарының картасын сызумен айналысты, ол жерде тұзды тектоника қабаты қатты дамыған. Кейіннен диплом жұмысымда осы тақырыпты қайтадан жалғастырып, аномалия қалдықтарының дайын картасы негізінде сейсмикалық барлау жасау жұмыстарын кешендендіруді қарастырдым.

Оқудан бос уақытымызда біз курстың жігіттерімен бірлесіп, үрмелі оркестр құрдық. Институттың барлық мәдени іс-шараларында концерттерге қатысып, өнер көрсеттік.

Оқуды бітіргеннен кейін мен өз кәсібімнің білікті маманы болуға бел будым. Менің «Мұнай-газ өнеркәсібі институтында» инженер-геофизик ретінде атқарған алғашқы жұмысым – Өзен кен орнындағы ұңғымалардың  кәсіптік-геофизикалық  зерттеулерінің  нәтижелеріне талдау жасау тәжірибелері институтта алған білімімді іс жүзінде нығайтуға көмектесті.

1990 жылы мен мамандығым бойынша оқуды жалғастырмақшы болып, Мәскеудегі Бүкілодақтық мұнай зерттеу институтына оқуға түстім, сөйтіп, 1992 жылы мен мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану бойынша техникалық ғылымдардың кандидаты атандым. Содан кейін 2005 жылы «Қазақстандағы көп қабатты кен орындарын игерудің соңғы кезеңінде жоғары парафинді мұнай өндірісін қарқындату» тақырыбында докторлық диссертация қорғадым.

Мен «Өзенмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында ұңғымаларды зерттеуші инженерден бас геологқа дейінгі еңбек жолынан өттім. 1997 жылдан бастап «Мұнай-газ өнеркәсібі институтының» бас директоры ретінде барлық ұйымдастыру жұмыстарына тікелей араласып, 2017 жылға дейін сонда қызмет еттім. Қазіргі уақытта «Мұнай-газ өнеркәсібі институты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасымын.

Мен өз кәсібімнің білікті маманы болуға бел будым.

Университет қабырғасында алған кәсіби білімім ең ірі және сертификатталған зертханалық орталықпен жабдықталған «Мұнай-газ өнеркәсібі институты» АҚ-н құрудағы кәсіби мансабымның негізіне айналды деп сеніммен айта аламын. Ғылымның арнайы салаларын игеруге деген ұмтылыс, табандылық, шыдамдылық, ізденіс, кез-келген жұмысқа қабілеттілік, жауапкершілік – осының бәрі оқу кезінде қалыптасып, әрі қарайғы еңбек жолымда күнделікті әдетке айналып кетті.

Бүгінгі таңда университеттердің міндеті – диплом алатын түлектерді бірден өндірісте жұмысқа дайын мамандар етіп даярлау. Жақсы маман болу үшін ҚазҰТЗУ-дың түлегі өз біліміне сенімді, тәжірибелі компьютер пайдаланушы және арнайы кәсіби бағдарламаларды қолдана білетін  болуы керек. Егер басшы болғыңыз келсе, өндірістен бастаған жөн немесе ғылымды дамытуға ниет болса, ғылыми-зерттеу институтынан бастаған жөн. Біздің заманымызда қазір үш тілді (әсіресе техникалық) білу керек: қазақ, орыс және ағылшын.

Жас буынмен өзімнің тәжірибеммен бөліссем деймін, шақыртылған дәріскер ретінде «Неліктен мен өз саламның маманы болуым керек?» және «Қазақстанның мұнай және газ кен орындарын игеруде «Мұнай-газ өнеркәсібі институты» АҚ-ның тәжірибесі» тақырыбында дәріс оқығым келеді.

22 мамыр 2020 6770
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту