Ақпарат:

Хамзин Берікбол Серікбайұлы

Хамзин Берікбол Серікбайұлы

«Қазгеология» АҚ бас геологі

calendar
Оқу жылдары: 1977-1982 жж.
cap
Мамандығы: "Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау"

ҚазПТИ-дің «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығына 1977 жылы оқуға түстім. Өзім геологтар арасында өскендіктен, бала кезімнен геолог болуды армандайтынмын. Кен орнын ашып, еліміздің геология саласының дамуына үлес қоссам деуші едім.

Неліктен ҚазПТИ десеңіз? Бұл – Қазақстандағы геология саласының ғылыми және практикалық қызметінің қалыптасуы мен дамуында маңызды рөл атқарған бірінші техникалық университет.

Біз оқыған пәндердің ішінен «Жалпы геология» пәні ұнайтын. Бұл ғылымды қажетсінетін және көпқырлы ғылымның бастауы, негізі. Ал «Жоғары математиканы» оқу қиындық туғызатын. Өз оқытушыларымның ішінен кімді жиі есіме аламын? Көбіне Медоев Георгий Цараевич пен Есенов Шахмардан Есенұлын ойлаймын.

Институтта өткізген кездерім – бақытты сәттер, апталар мен жылдарым.

Институтта өткізген кездерім – бақытты сәттер, апталар мен жылдарым. Институтта дұрыс таңдаған бағыт – геологияны меңгере білдім, тұлға ретінде қалыптастым, соның арқасында кәсіби мансабымда ілгері жылжитын мүмкіндікке ие болдым. Дипломдық жұмысым «Амур облысындағы титан-ильменитті рудаларды іздеу жұмыстары» деген тақырыпта болғаны есімде.

Университетті тәмамдағаннан кейін Қиыр Шығысқа Хабаров экспедициясына аттанбақшы болдым. Бірақ сәті түспей, Қарағайлы кентіндегі Қарағайлы геологиялық барлау экспедициясына қатысып, 1982 жылдан 1998 жылға дейін жұмыс істедім,учаскелік геологтан экспедиция басшысына дейін көтерілдім. Сондықтан ештеңеге өкінбеймін.

Менің геолог мамандығымда кез-келген жағдайдағы жұмысқа дайын болу өте маңызды, жұмысқа жаңа кіріскен мамандар әмбебаптық пен байқампаздық қасиеттерге ие болуға тырысу керек. Сондай-ақ ақпаратты талдай білу, еңбекқорлық, кез-келген жерде бағыт-бағдарды анықтай алуқажет. Ең бастысы, ҚазҰТЗУ студенттеріне айтарым, өз мамандықтарыңызды жақсы көріңіздер.

19 наурыз 2021 4387
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту