Ақпарат:

Төреханов Владимир Байдуллаұлы

Төреханов Владимир Байдуллаұлы

«Қазақстандық автоматтандыру және робототехника қауымдастығы» ЗТБ президенті

calendar
Оқу жылдары: 1993-1997 жж.
cap
Мамандығы: "Ақпарат қауіпсіздігі және қорғау"

Мен ҚазҰТЗУ-ға 1993 жылы (ол кезде – В.И.Ленин атындағы Қазақ Политехникалық институты) түстім. Оны мүлдем кездейсоқ таңдадым. Ол кезде мен басқа жоғары оқу орнына түсу үшін құжаттар дайындадым, бірақ ағамның ұсынысы бойынша бұрын ағам мен әпкем оқыған жерді көру үшін «политехқа» жолшыбай кіріп шықпақшы боп шештім. Бір қызығы, қабылдау комиссиясы терезелері алдында бірнеше сыныптастарымды кездестірдім.

Мамандықтар тізіміне көз шалғанда, ИжЕТ факультетінің «Ақпарат қауіпсіздігі және қорғау» мамандығын байқадым. Сол кездің өзінде маған осы бағыттың қызықты және бекер емес екені анық болды. Бұл бірінші қабылдау екенін білген соң ақыры осы мамандыққа құжаттарды тапсыруға шешім қабылдадым.

Алған білімім маған көздеген жұмысыма қол жеткізуге көмектесті ме? Иә. 

Маған бәрінен де «Компьютерлік және телекоммуникациялық желілерді қорғау», «Ақпараттық қауіпсіздіктің теориялық негіздері», «Қолданбалы ақпарат теориясы», «Ақпаратты қорғау және қауіпсіздіктің қолданбалы жүйелері» сияқты мамандық пәндері ұнайтын. Әскери дайындықты да атап өтпеуге болмас: сабақтар өте қызықты және танымдық бағытта өтетін. Сызба геометриясы қиындау болды, бірақ, көпшілік айтқандай, табандылық пен еңбекқорлық барлығын жеңді.

Мен Ермаков А.С., Шайхин А.К., Пшенин Е.С., Куцый А.П., Айтмағамбетов А.З., Айтхожаева Е.Ж. сияқты оқытушыларымды жиі еске аламын. Өкінішке орай, олардың кейбіреулері қазір арамызда жоқ.

Мен университетте және одан тыс жерлерде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан жоқпын, бірақ 2018 жылдан бастап «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер» басымдығы бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі құрамына ендім.

Дипломдық жұмысымның тақырыбы «Спутниктік байланыс арналарын пайдаланатын корпоративтік желілердегі ақпаратты қорғау» болды. Дипломдық жұмысымның жетекшісі Айтхожаева Евгения Жамалханқызына дипломдық жұмыс тақырыбын ұсынылған тізімнен емес, өз қалауыммен таңдауыма мүмкіндік бергені үшін алғысым шексіз. Дипломдық жұмысты жазу кезінде мен «Қазақстан телекоммуникациялары» (Кателко) ЖАҚ-та жұмыс істедім.

Сакипов Нұрлан Заркешұлы мен Котоянц Каринэ Вартановнаға да ерекше ризашылығымды білдіргім келеді. Ол кезде мен көп уақытымды жұмысқа арнайтынмын, сондықтан бір жылға академиялық демалыс алып, дипломды бір жылдан кейін қорғауға бел байлағанмын. Бірақ олар «дипломсыз қайтпа» деп, мені кезектен тыс еңбек демалысын алуға көндірді.

Алған білімім маған көздеген жұмысыма қол жеткізуге көмектесті ме? Иә. Үшінші курсқа жеткенде (еңбек қызметімді 1996 жылдан бастадым) алып үлгерген білім негізі бұған көп көмектесті. Бірақ жұмыста да мен қажетті практикалық дағдыларға ие болдым. Іс жүзінде менің дипломдық еңбегім өзім айналысқан жұмысқа негізделген.

Университетте оқыған барлық уақытты ықыласпен есіме аламын. Мен оқыған ағымның өз дәстүрі бар: жыл сайын 4 қазанда (1993 жылы білім алу үшін университетке келген бірінші күніміз) жиналып, жаңалықтармен бөлісеміз және сол кезеңді еске түсіреміз. Осы ұмытылмас күннен бері өткен жиырма бес жыл ішінде дәстүр ешқашан бұзылған жоқ! Басқа елдерде тұратын түлектер де бізге жиі келіп тұрады. Ал қызыққа толы көңіл-күйдің бірегей атмосферасын сезінгісі келетіндер, бірақ өздері тікелей қатыса алмайтындар, заманауи технологиялар арқылы бейнеконференцбайланысқа қосылады.

11-12 жыл бұрын менің университетке оқытушы ретінде оралу идеям болды. Мен осы жайында Анатолий Семенович Ермаковпен кездестім, оқу жоспарын дайындадым, бірақ өмір кенеттен өзгерді, сондықтан оқыту идеясын белгісіз мерзімге кейінге қалдыруға тура келді.

Мен туған политех үшін жаныммен «алаңдаймын».

Мен туған политех үшін жаныммен «алаңдаймын». ҚазҰТЗУ қандай болады деп болашақты болжау мүмкін емес, бірақ мен оның қандай болғанын қалайтынымды айта аламын: нақты сұранысқа сай ғылыми зерттеулерді жүргізе алатын бәсекеге қабілетті, өршіл жас мамандарды дайындап шығаратын заманауи жоғары оқу орны ретінде көргім келеді.

Әскери кафедрада оқыған кезімізде офицерлер бізге оқытушылар білімнің тек 20%-ын ғана беретінін, ал қалған 80%-ды өз бетімізбен іздеп табуымыз керек екенін жиі айтатын.

Менің ойымша, дәл сол ереже IT саласына да жарамды. Қазіргі кезде технологиялардың тез дамитыны соншалық, білім беру бағдарламалары оларға ілесе алмайды. Ешқалай. Сондықтан, университетте білімнің негізін ала отырып, ерінбей айналаға қарап, жаңаны үйрену қажет. Бақытымызға орай, қазір ақпарат жетіспеушілігі жоқ. Ақыр соңында, жай жатқан тастың астынан су ақпайды.

Құрметті талапкерлер мен студенттер! 17-18 жасыңызда сіз өмірдің қысқа екенін әлі түсінбейсіз. Сіз көзді ашып-жұмғанша зейнетақы куәлігіне құжаттарды жинап жатасыз, сондықтан уақытты текке кетірмей «білімнің гранитін» қазір және осында мүжіңіз, бірінші курстардан бастап өз біліміңізді практикада қолдануға тырысыңыз. Өзіңіз қызығушылық танытатын бағыттармен қосымша шұғылданыңыз, сізбен қызығушылығы бір адамдарды іздеңіз. Бірге – қызықты. Иә, сіздің өміріңіз өз қолыңызда.

19 ақпан 2021 4809
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту