Ақпарат:

20 ақпан 2017 10675

Қазақстанда алғашқы электроавтобустар шығарылды

Қазақстанда алғашқы электроавтобустар шығарылды

Жуырда Алматы қаласында электроавтобустардың тұсаукесері өтті. Отандық электроавтобус өндірушілер өндіріс көлемін өсіруді жоспарлауда. 
Электроавтобустар небары 8 минут ішінде зарядталып, 70 км жолды еңсере алады екен. Экологиялық жағынан таза транспорттың қосымша бөлшектері Қытайдан жеткізіледі. Алайда жуық арада олар жергілікті қосалқы бөлшектерден жиналатын болады деп күтілуде. Қазір сондай екі автобус жиналып, тексерістен және техникалық сынақтан өтті. Жылына барлығы 1000 автобус шығарылатын болады деп жоспарлануда. 
Қала көшелерінде жүретін автобустардың артынан шығатын улы газдың иісінен адам тұншығатыны белгілі. Бұл жағынан алғанда электротранспорттың көптеген жақсы жақтары бар: одан улы газ бөлінбейді, қала мен қала тұрғындарын ащы, улы түтіннен арылтады, қатты дыбыс шықпайды, жүрісі баяу, салонда мотордың қырылдаған дыбысы, дірілі естілмейді. Ең бастысы – бұл транспорт өте тыныш, жайлы және үнемді.
Ерлан Стамбеков, «Парасат» АҚ-ның бақылау кеңесінің төрағасы: :
– Ешқандай май, ешқандай фильтр жоқ. Бар болғаны – электрқозғалғышты зарядтап тұрса болғаны. Ереже бойынша, электрқозғалғышты ұзақ пайдалануға болады, ол 1 миллион км жол жүруге есептелген, ал батареясы 10 жылға шыдайды. 
Титан-литийден жасалған аккумулятор 70 км жол жүруге арналған. Ал зарядтау уақыты небары 8 минут уақыт алады. Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Машина жасау» факультетінің түлектері өндіріс орнында жүріп, электроавтобусты бағдарламамен қамтамасыз ету жұмысымен айналысуда. 
Әмірбек Әбиев, Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ студенті: 
– Біз жүргізушінің жүрісін бақылайтын боламыз. Егер де қандай да бір ережені бұзушылық немесе жылдамдыққа шектеу қойылатын болса, автобус өз-өзінен ақырын тоқтап қалады.
Мұндай жағдайда кеңседе отырған диспетчердің көліктің техникалық жағдайын интернет арқылы көруге және қашықтықта отырып оны толығымен тоқтатуға мүмкіндігі бар. Келешекте отандық электроавтобустарды отандық батареялармен толықтыру жоспарланып отыр. Сол кезде көлік бағасы екі есеге төмендейді. Әзірге қазақстандық электроавтобустардың құны 100 миллион теңге көлемінде.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту