Ақпарат:

25 шілде 2025 236

Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасу конкурсы 2025 жылдың тамызы

Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасу конкурсы 2025 жылдың тамызы

«Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ (бұдан әрі – Сәтбаев Университеті) профессор-оқытушылар құрамының, атап айтқанда профессорлар, зерттеуші профессорлар, қауымдастырылған профессорлар, аға оқытушылар, оқытушылар, ассистенттердің бос штаттық орындарына конкурс жариялайды.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 2025 жылғы 08 тамыз, сағ.17:00 дейін. 

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады. 

 

Кандидаттар конкурсқа қатысу үшін келесідей құжаттарды тапсырады: 

1. Өтініш (үлгіні толтыру кезінде автоматты түрде жасалады);

2. Жеке куәліктің көшірмесі;

3. Байланыс деректері көрсетілген жеке сауалнама (толтыруға арналған үлгі сайтта қолжетімді);

4. Кәсіптік білімін растайтын құжаттар: жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, академиялық /немесе ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың нотариалды немесе алдыңғы жұмыс орны бойынша   куәландырылған сканерленген көшірмелері;

Шетелде алынған білім туралы құжаттар болған жағдайда, "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде алынған дипломдарды және Қазақстан Республикасында М.В.Ломоносов атындағы ММУ филиалынан алынған білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында осындай дипломды нострификациялау / тану туралы құжаттың болуы міндетті.

5. Соңғы 3 жылда оқытылатын пәндер бойынша кемінде 72 сағат көлемінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың, шетелдік тағылымдамадан өткендігін растайтын сертификаттардың, білім берудегі менеджмент курстарының (бар болса), шет тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификаттардың және т.б. көшірмелері;

6. Үміткерлердің еңбек өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері;

7. Әрбір жобадағы өз рөлін көрсете отырып, соңғы 5 жылда орындалған ғылыми жобалардың, ғылыми еңбектердің және зияткерлік меншікке арналған патенттердің (өнертабыстардың) куәліктерінің жұмыс орны бойынша расталған тізімі. 

*8. egov.kz алатын анықтамалар: соттылығының болуы / болмауы, психиатриялық, наркологиялық есепте болуы / болмауы туралы, адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер, Қазақстан азаматтары үшін 075/Е және шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін 028/Е медициналық анықтаманың көшірмесі (бұл тармақ Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың жұмыс істеп жүрген қызметкерлері үшін міндетті емес).  

        Үміткерлер сондай-ақ, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты өзге де құжаттарды (ұсыным хаттар, мінездемелер, қатысушының кәсіби деңгейін, оның кәсіби саладағы үздік жетістіктерін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері және т.б.) ұсына алады. 

 

Сәтбаев Университетіндегі бос орындар тізімі

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын кәсіби талаптар

Анкетаны жүктеу

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту