Ақпарат:

30 қараша 2021 3720

Профессор Раиса Казованың қайтыс болуына байланысты Сәтбаев университеті көңіл айтады

Казова Раиса Ашимовна

Казова Раиса Әшімқызы

13.02.1936 - 20.11.2021

2021 жылдың 20 қарашасында ұлағатты ұстаз, құрметті ғалым және педагог – химия ғылымдарының докторы, профессор, МАИН академигі РАИСА ӘШІМҚЫЗЫ КАЗОВАНЫҢ өмірден кеткенін өкінішпен хабарлаймыз.

Раиса Әшімқызының барлық жарқын өмірі – ол үлкен еңбексүйгіштік, терең білім мен жан-жақты қызығушылық, адамдарға деген сүйіспеншілік, ең жақсы адами қасиеттер және ерекше өмір философиясы.

Раиса (Райхан) Әшімқызы 1936 жылы 13 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1954 жылы Алматы қаласындағы №19 әйелдер мектебін үздік, медальмен бітірді. 1959 жылы Қазақ политехникалық институтын (ҚазПТИ) "Жеңіл, сирек кездесетін және асыл металдар металлургиясы" мамандығы бойынша бітіріп, инженер-металлург біліктілігін алып, "Металлургиялық процестерді автоматтандыру" мамандығы бойынша білімін жалғастырды. ҚазПТИ-да академик В.Д. Пономарев, академик Е.А. Бөкетов, профессор А.Б. Резияков, Л.Г.Гульницкий, А.А., Гескин, Б.А. Беделбаев, Г.Б. Бегалиева, З.Т. Фатеева секілді көрнекті ғалымдардың мектебінен өтті.

 1960 жылдан бастап Балқаш тау-кен металлургия комбинатының (БГМК) КИПиА химцех шебері лауазымында өндірістік қызметін бастады. 1962 жылы Балқаш қаласынан (Қарағанды обл.) БЛКЖО XIV съезінің делегаты болып сайланды.

Ғылыми қызметі академиялық институттармен байланысты болды: Е.А. Бөкетов атындағы Химия-металлургия институты (ХМИ) және А.Б. Бектұров химия ғылымдары институты (ХҒИ) (1964-1996 жж.).

Ғылыми-педагогикалық қызметін, 1996 жылы академик Е.М. Шайхутдиновтің шақыртуымен, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде (ҚазҰТУ) профессор лауазымында жалғастырды.

1972 жылы – ҚазКСР ҒА ИХН мамандандырылған Кеңесінде "Тринатрий фосфатын алудың гидрохимиялық автоклавтық сілтілік тәсілі" тақырыбында техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне іздену диссертациясын қорғады.

Зерттеу нәтижелерін апробациялау Қазақстанның оңтүстігіндегі фосфор зауыттарында: "Химпром" ДПО (Тараз қ.), "Нодфос" (Тараз қ.), "Фосфор" ШПО (Шымкент қ.), техника ғылымдарының докторы, профессор М.Н. Казовтың ғылыми жетекшілігімен жүргізілді.

1990 жылы-химия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін "Жылжымалы қабат жағдайында табиғи және түйіршіктелген шикізатты термохимиялық өңдеудің теориялық және технологиялық негіздері"тақырыбында диссертация қорғады.

Профессор Р.Ә. Казованың ғылыми қызығушылықтары фосфат ерітінділерін қоспалардан тазартудың теориялық және технологиялық негіздерін өңдеуді қамтиды.

1994 жылы Р.Ә. Казоваға академиялық профессор ғылыми атағы берілді.

Фосфор саласының техногенді шикізатын залалсыздандыруға және кәдеге жаратуға байланысты, өнеркәсіптік экология мәселелері "Өнеркәсіптік экология және қауіпсіздік" кафедрасында көптеген ғылыми тақырыптарды орындауда өзінің "Алма-Матерінде" – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде көрініс тапты, онда ғылыми қызметін педагогикалық қызметпен ұштастырды.

Раиса Әшімқызы өзінің ғылыми жұмыстарын инженер-экологтарға арналған дәрістік материалдарға үш тілде енгізді.

350-ден астам ғылыми және әдістемелік еңбектердің, оның ішінде 5 монографияның, 15 авторлық куәліктің, ҚР алдын ала патенттерінің авторы, Халықаралық симпозиумдардың, форумдардың, Бүкілодақтық және республикалық ғылыми – техникалық конференциялардың ғылыми баяндамаларымен қатысушысы-Портороз (Словения), Тегеран (Иран), Киев, Львов (Украина), Мәскеу, Санкт-Петербург, Пермь, Уфа, Луга (Ресей), Ташкент (Өзбекстан), Минск (Беларусь), Рига (Латвия), Алматы, Қарағанды, Шымкент, Тараз және т. б.

Профессор Казова Раиса Әшімқызы  жоғары білікті кадрларды даярлауға белсенді қатысты. Оның ғылыми жетекшілігімен 7 кандидаттық және докторлық диссертация қорғалды, олардың бірі – Израиль азаматы, профессор Р.Ә. Казованың шәкірттері ғылым мен техниканың түрлі салаларында еңбек етуде.

Көп жылғы ғылыми еңбегі үшін Казова Раиса Әшімқызы ҚазССР Ғылым академиясының Құрмет грамотасымен, ғылыми-педагогикалық қызметі үшін Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің және Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Құрмет грамотасымен, "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды.

Осындай ерен еңбегімен, мейірімді жүрегімен асыл ана, аяулы әже, ардақты ұстаз, құрметті ғалым, зиялы тұлға Казова Раиса (Райхан) Әшімқызының – жарқын бейнесі мен өнегелі ғұмыры біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Әріптестері мен шәкірттері

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту