Сәтбаев университетінде дәстүрлі «ЕвроХим» кейстерінің чемпионаты өтті
Үстіміздегі жылы 22 қараша күні Сәтбаев университетінде «ЕвроХим» компаниясы кейстерінің дәстүрлі чемпионаты өтті.
«ЕвроХим» компаниясы бұрғылап-жару бөлімінің бастығы Асқар Абдумомыновтың төрағалық етуімен әділ қазылар алқасы Young Engineers комндасын жеңіс жүлдегері деп атады. Жеңімпаздар Балқыбаев Алишер, Қаирова Самал және Құмарбеков Азамат алдымыздағы ақпан айында Мәскеу қаласында өтетін финалға қатысады. Екінші және үшінші орындарды «Алатау» мен«Шахтострой» командалары иеленді.
Әжіл қазылар алқасы командалардың биылғы дайындық дәрежелері былтырғыға қарағанда әжептәуір жоғары екенін атап өтті. Қатысушылар «ЕвроХим» компаниясы ұсынған нақты мәселелердің шешімін ұсынды. Бұл шешімдер өте дұрыс, пайдалы әрі нағыз дер кезінде ұсынылып отырғаны жоғары аталып өтілді. Компания өкілі де «ЕвроХим» қызметкерлерінен нақ осы ұсынылған шешімдер талап етілетінін атады.
«Надежная смена» қорының өкілі Сергей Михайлов чемпионат туралы өз ойын былай білдірді:
– Биылғы чемпионат жаңа форматта өтіп жатыр, ол бүкіл әлемге ақырындап тарап жатса да, осы уақыт аралығында жақсы деңгейге көтеріліп, игі дәстүр қалыптастыра білді. Атап айтқанда, ол – кейс әдісі. Қатысушылар тапсырмаларды жай ғана орындап қоймайды, олар барлық мәселені түгел қамтуға тырысады: экономикалық тұрғыдан да, техникалық шешімдер табу жолын да, әсіресе технология тиімділігін де. Бұл өте қызықты, әрі дұрыс ойластырылған, өйткені қатысушылар өздерін жас мамандар ретінде сезініп, нақты өндірістік проблемаларды шешуге жандарын салады. Біздің чемпионатқа келесі жылдары бұдан да көп студенттер қатысады деп сенемін, бұл тәжірибе оларға болашақта жақсы жұмысқа орналасуға септігін тигізері сөзсіз. Ал бүгінгі үздік қатысушылар жеңімпаздар қатарына ілікпесе де, «ЕвроХим» компаниясына практикаға келіп, тіпті тағылымдамадан өтуге де мүмкіндік алып отыр.
«ЕвроХим» инженерлік кейстер чемпионаты «Надежная смена» қорының қолдауымен 2014 жылдан бастап өткізіліп келеді. Чемпионат негізінен төрт сала бойынша өткізіледі: «Тау-кен ісі», «Логистика», «Минералды тыңайтқыштар», «Сатылымдар». АЧемпионаттың іріктеу кезеңдері Қазақстан мен Ресейдің 14 техникалық жоғары оқу орнында өтеді, ал чемпионат финалы – Мәскеуде өтеді. Ресейдегі «ЕвроХим» компаниясының өкілдері финалдық байқаудың эксперттік комиссиясында болып, қатысушылардың жұмыстарына өздері баға береді.
Финалдық кезеңнің жеңімпаздары компанияға жұмысқа шақырылатын болады және жоғары оқу орнында жүріп, компанияның Жас мамандар слетіне де қатыса алады. «ЕвроХим» компаниясында жұмыс істеу үшін тұрғылықты жерінен көшетін жас мамандарға компания тарапынан тұрғылықты орын және әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған.
Биыл Сәтбаев университетінде «Тау-кен ісі» лигасының VІ мерзімі өтті. Былтырғы мерзім 2018 жылы өтіп, оның іріктеу кезеңінде Дәулет Магавьянов басқаратын Pitman командасы жеңімпаз атанған болатын.