Ақпарат:

14 ақпан 2020 5401

Сәтбаев университетінде қазақ тіліндегі латын әліпбиінің мәселелері бойынша ғылыми семинар өтті

Сәтбаев университетінде қазақ тіліндегі латын әліпбиінің мәселелері бойынша ғылыми семинар өтті

6 ақпанда Қазақ және орыс тілдері кафедрасының кезекті ғылыми семинары өтті. Бұл жолы  қазақ жазуының латын әліпбиіне көшу мәселелеріне басты назар аударылды. Семинарға университеттің бірнеше кафедраларының оқытушылары, Абай атындағы ҚазҰПУ мен А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының өкілдері қатысты.

А.Жүнісбек «Жазу қағидаттары: төл дыбыс – төл таңба» атты баяндамасында латын әліпбиінің А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтында даярланған нұсқасы туралы айтты. Спикердің пікірінше, жаңа әліпбидің  дамуы түркі тілдерінің графикалық жүйесінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, туыстық тілдердің біртұтастығын нығайтуға септігін тигізуі керек және олардың арасындағы  кез келген  тілде жазылған мәтіндерді еркін оқуға кедергі келтірмеуі тиіс. Спикер әсіресе кірме сөздерді дұрыс жазу тәсілдеріне тоқталды.

Н.Әміржанованың «Латын әліпбилі қазақ жазуы: орфографиялық нормаларды қалыптастырудағы қиындықтар» атты баяндамасы графиканы өзгерту мәселесінің орфографиялық тұстарына арналды. Баяндамашы қазақ орфографиясының тарихына қысқаша шолу жасап, оның қағидаларын сипаттады, латын әліпбиіне көшуге дайындық кезіндегі қазақ орфографиясының негізгі мәселелерін және оларды шешудің жолдарын атап өтті. Н.Әміржанованың баяндамасын талқылау барысында қазақ тіліндегі кейбір сөздердің жазылуына орыс тілінің әсері, дәлдік және инженерлік ғылыми  терминдердің емлеге сай дұрыс жазылуы, кірме сөздерге бағыт-бағдар жасаудың жаңа мүмкіндіктері туралы сұрақтар қозғалды.

Семинардан соң қатысушылар баяндамашыларға сұрақтар қойып, өздерінің ойларымен және зерттеулерімен бөлісті. А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының қызметкерлері талқыланған мәселелерге қызығушылық танытқандары және талқылауға белсенді түрде қатысқандары үшін семинарға жиналғандарға алғыс білдірді.

Сәтбаев университетінде қазақ латынының проблемалары бойынша ғылыми семинар өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту