Ақпарат:

13 желтоқсан 2024 1734

Сәтбаев университетінің Career HUB орталығы білім беру саласында цифрлық революцияға жағдай жасауда

Сәтбаев университетінің Career HUB орталығы білім беру саласында цифрлық революцияға жағдай жасауда

Қазақстанның барлық аймақтарынан колледждер мен білім беру басқармаларының өкілдері Сәтбаев университетінде өтетін «ТжКБ жұмысын цифрландыру және автоматтандыру» атты семинарға жиналды. Олар жасанды интеллектті білім беру саласында қолдану, сондай-ақ дуальды білім беруді, кәсіптік бағдар беруді, өндірістік тәжірибе мен жұмысқа орналастыру мәселелерін автоматтандыру жөнінде талқылады.

Семинар барысында Career HUB Satbayev University мен eData.kz компаниясының сарапшылары мансаптық хабтың онлайн платформасы мен жасанды интеллект құралдары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл технологияларды мектеп пен колледж студенттері кәсіптік бағдар беру, мансаптық жоспарлау және жұмыс іздеу үшін пайдалана алады. Сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының Мансап орталықтары қауымдастығына қатысуы және Сәтбаев университетінің мүмкіндіктерін пайдалану туралы да қарастырылды.

Семинар қатысушылардың көзқарастарын кеңейтіп, заманауи технологияларды білім беру саласына енгізудің жаңа мүмкіндіктерін ашты.

– Жасанды интеллект қазіргі таңда өте өзекті болып отыр», – деді Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Ирина Саенко. – Балалар қазір өте мобильді екенін біз мұғалім ретінде байқап жүрміз, олар барлық жаңалықтарды тез қабылдайды және жасанды интеллектті өздері де қолданып жүргенін көріп отырмыз. Сондықтан да біз болашақ дамуымыз үшін кәсіби мамандар даярлауда заман ағымынан қалыспай, бәсекеге қабілетті болуымыз керек.

Сәтбаев университетінің Career HUB орталығы мектептерді, колледждер мен университеттерді және елдегі жетекші компанияларды біріктіре отырып, жастардың кәсіби тұрғыда өсуі үйлесімді болу үшін қажетті экожүйе қалыптастыруды жалғастыруда. Google және Canva жасанды интеллекті секілді заманауи цифрлық құралдарды пайдалана отырып, университет қатысушыларға мектепте алатын негізгі білімнен бастап, мамандықты саналы түрде таңдауына дейін сенімді мансап жолын құруға көмектеседі. Career HUB директоры Санжар Кенжеханұлының айтуынша, мұндай жобалар жаңа технологиялар алдындағы қорқынышты жеңіп қана қоймай, жас мамандарға жарқын болашақ құруына мүмкіндік береді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту