Ақпарат:

21 шілде 2021 5109

Сәтбаев Университетінің Директорлар кеңесі Басқарма мүшелерінің бос орындарына конкурс жариялайды

"Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Басқарма мүшелерінің келесi бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды: Алматы қаласы, Сәтбаев к., 22 мекенжай бойынша орналасқан "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі - Корпоративтік даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректоры; Басқарма мүшесі - Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры; Басқарма мүшесі - Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры.

Қызметтің негізгі мәні – жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметін көрсету.

Қызметтің мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім беру, оқыту, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

1. Басқарма мүшесі - Корпоративтік даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректор:

Талаптар:

1.1. Білімі:

1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

2) ғылыми дәреже.

1.2 Білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде – 5 жыл.

1.3 Білімі мен дағдылары:

1) лауазымына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

2) қазақ, орыс және ағылшын (білген дұрыс) тілдерін еркін білу;

3) стратегиялық жоспарлау дағдылары;

4) тәуекелдерді басқаруды бағалай білу;

5) ЖОО-ның стратегиялық құжаттарын әзірлеу тәжірибесінің болуы;

6) тиімді коммуникация және келіссөздер жүргізу дағдылары.

 

2. Басқарма мүшесі - Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор:

Талаптар:

1.1. Білімі:

1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

2) ғылыми дәреже;

3) білім  менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы құпталады.

1.2 Білім беру немесе ғылыми ұйымдардағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде – 5 жыл.

1.3 Білімі мен дағдылары:

1) лауазымына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

2) қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу;

3) білім беру саласындағы менеджменттің негізгі принциптерін білу;

4) бизнес-процестерді стратегиялық жоспарлау және цифрландыру дағдылары;

5) тиімді коммуникация және келіссөздер жүргізу дағдылары.

 

3. Басқарма мүшесі - Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор:

Талаптар:

1.1 Білімі:

1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

2) білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы құпталады;

1.2 Білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде – 3 жыл.

1.3 Білімі мен дағдылары:

1) лауазымына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

2) қазақ, орыс және ағылшын (білген дұрыс) тілдерін еркін білу;

3) жастар саясаты негіздерін және білім алушылармен жұмыс істеуді білу;

4) SMM құралдарын білу;

5) бизнес-процестерді стратегиялық жоспарлау және цифрландыру дағдылары;

6) білім алушылардың қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру дағдылары;

7) тиімді коммуникация және келіссөздер жүргізу дағдылары.

 

Келесідей тұлғалар конкурсқа қатыса алмайды:

1) жиырма бес жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзған;

3) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

 

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Конкурсқа қатысушының белгіленген үлгідегі 3x4 түрлі түсті суретпен қызметтік тізімі;

4) білім туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) жұмыс орны (қолданыстағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген жүйке-психиатриялық ұйымның анықтамасы;

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымның  анықтамасы;

9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданады.

Конкурс өтетін орны мен күні қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ корпоративтік хатшысының dana.bakhyt@inbox.ru электронды поштасына өткізу қажет: телефон нөмірлері: 8 (727) 320 40 25, +7 702 640 36 29.

 

Конкурсқа қатысуға өтінім

Білім беру ұйымы кеңесінің мүшесі лауазымына үміткерлер туралы есеп

Басқарманы таңдау және тағайындау тәртібі - «Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-техникалық университеті» коммерциялық емес қоғамы ректорының және Басқарма мүшелерін сайлау

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту