Ақпарат:

27 мамыр 2021 5581

Сәтбаев Университетінің Ректоры жаңа стратегиялық даму жолдарын ұсынды

Сәтбаев Университетінің Ректоры жаңа стратегиялық даму жолдарын ұсынды

Сәтбаев Университеті түлектерінің 90%-ы өз мамандықтары бойынша жұмыс табуы керек – Қазақстанның ежелгі техникалық университетінің Ректоры Мейрам Бегентаев ұжым алдында есеп беру жөнінде кездесуі аясында университет ұжымына осындай тапсырма қойды.

– Сәтбаев Университеті – «Ұлттық техникалық зерттеу университеті» мәртебесіне ие болған қазақстандық жалғыз техникалық университет екенін сіздер білесіздер, – деді Мейрам Мұхаметрахимұлы өз сөзінде. – Сондықтан университет алыс өңірлердегі өзекті мәселелерді шешу жұмысымен айналысып қана қоймай, аймақтық университеттермен өз тәжірибесімен бөліседі. Ол үшін біз оларға бүкіл тәжірибелік зертханалар мен және зерттеу орындарымызды ашуға дайынбыз. Біз аймақтық жоғары оқу орындарына өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық процестеріне Индустрия 4.0 компоненттерін цифрландыруға және енгізуге көмектесеміз. Осылай бірлесе отырып, біз білім экономикасын қалыптастыруға бағытталған ғаламдық технологиялық революцияның бір бөлігі бола аламыз.

Сондай-ақ Ректор университеттің 2021–2022 оқу жылындағы жоспарларына тоқталды. Сәтбаев Университетінің биылғы оқу жылында алдына қойған басты мақсаттарының бірі – университеттердің «үшінші миссиясын» жүзеге асыруға қабілетті білікті мамандарды даярлау, яғни білім беру мен зерттеу жұмыстарын жүргізумен қатар, нақты әлеуметтік қажеттіліктерді де қанағаттандыру. Университет студенттері сондай-ақ өзекті мәселелерді белгісіздік жағдайында шешуге қажетті дағдыларды үйреніп шығады.

Университеттің екінші мақсаты – университет базасында республикадағы ең ірі ғылыми-зерттеу орталығын құру, бұл Сәтбаев Университетінің алдына ел басшылығы қойған тапсырма. Осы мақсатта университет өз ішінде аймақтық экономикаға интеграцияланған заманауи академиялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағытталған инфрақұрылымдық экожүйені қалыптастыруға дайын.

Академиялық көшбасшылыққа жету үшін және университет дипломының дәрежесін арттыру мақсатында Сәтбаев Университеті білім беру бағдарламаларын шетелдік беделді агенттіктерден аккредитациядан өткізе отырып, толығымен жаңартады. Бұл ретте инновациялық бағдарламалардың үлесі кем дегенде 20 пайызды, ал пәнаралық бағдарламалар 10 пайызды құрауы керек. Барлық білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен, сондай-ақ Жаңа мамандықтар атласы мен қолданыстағы кәсіби стандарттарды ескере отырып әзірленетін болады.

Университет сонымен қатар іргелі ғылыми қызмет пен қолданбалы зерттеулер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету тапсырмасын, сондай-ақ зерттеу жұмыстарының нәтижелерін коммерциализациялауды өз алдына міндеттеп отыр. Ғылыми-зерттеу жұмыстары оқу процесінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс, ал студенттер оқу кезінде-ақ алғашқы жетістіктеріне қол жеткізуі керек. Ол үшін кәсіпкерлікке, өнертабысқа және шығармашылық экономиканы дамытуға бағытталған ашық экожүйе құрылады, бұл дарынды жастарды жаңа ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға мүмкіндік береді.

Осы мақсатта университет материалдық және материалдық емес ынталандыру шараларын іске қосып, студенттерге әлеуметтік несие беруді және өзін-өзі басқаруды дамыту жолдарын кеңірек қолданатын болады.

Еліміздегі ең үздік техникалық жоғары оқу орны осылайша ұлттық деңгейдегі жетекші позициясын сақтай отырып, әлемдік білім беру нарығында өзін белсенді түрде көрсете білуі керек.

Сәтбаев Университетінің Ректоры жаңа стратегиялық даму жолдарын ұсынды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту