15 наурыз 2018 6301

Сәтбаев Университетінің студентері ISOVER байқауының жеңімпаздары атанды

Сәтбаев Университетінің студентері ISOVER байқауының жеңімпаздары атанды

Мультикомфорттық ғимараттарды жобалау бойынша Saint-Gobain компаниясының жыл сайын өткізіп тұратын ISOVER байқауының ұлттық ақтық мәресі биылғы жылдың 2 наурыз күні «KAZGOR» жобалау академиясының конференц-залында  өткізілді.

Байқаудың шарты бойынша, қатысушылар Дубай қаласының мәдени орталығында (Біріккен Араб Әмірліктері) тұрғызылатын 240 пәтерлік тұрғын үй кешенінің жобасын жасауы керек еді. Алдын ала іріктеуден өткен 17 команда ақтық сынға қатысты. Қатысушылар алматылық сәулетшілер мектебінен: Сәтбаев университеті, ҚазБСҚА, Каспий университеті, сондай-ақ Өскемен, Бішкек және Ташкент қалаларынан келген өкілдер еді.

 Сәтбаев Университеті Т.К.Бәсенов атындағы «Сәулет және құрылыс» институты «Сәулет» кафедрасының атынан 3 команда өнер көрсетті, ал жетекші Яскевич Владимирдің басқаруымен дайындалған 4-курс студенттері Алина Вейс пен Нұрия Мещанова 1-орынды жеңіп алып, Дубай қаласында өтетін халықаралық байқауда Қазақстанның абыройын қорғауға мүмкіндік алды. Андрей Старковтың жетекшілігімен дайындалған 3-курс студенті Юрий Шумаков батылдығы үшін арнайы сыйлыққа ие болса, 4-курс студенттері Әлихан Ешпанов пен Шынар Мұқажанова креативтік шешім үшін берілетін сыйлықты жеңіп алды.

Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, халықаралық байқауда сәттілік тілейміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту