Ақпарат:

Электроника және электротехника (автоматтандыру)

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В063 Электротехника және автоматтандыру Математика - Физика
Бағасы
1 111 380 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 416 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Аккредитациялар
asiin
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Бағдарлама электроника, электротехника және автоматтандыру саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған. Бағдарлама теориялық білімді практикалық дағдылармен ұштастыру арқылы цифрлық экономика, автоматтандыру және интеллектуалды басқару жүйелерінің қазіргі заманғы қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

Бағдарламада математика, жаратылыстану ғылымдары, базалық, бейіндік және тілдік пәндердің үлкен көлемі қамтылған. Жаңа бейіндік пәндер қосылған, оларды екі топқа бөлуге болады: заманауи электротехникалық жүйелердің негіздері және электрондық цифрлық жүйелердің базалық элементтері.

Студенттер «MATLAB және басқа бағдарламалық өнімдерде электрондық схемаларды модельдеу», «Кірістірілген жүйелерді бағдарламалау», «Электротехникалық құрылғыларды жобалау», «Программаланатын логикалық интегралды схемалар», «Автоматтандыру негіздері»,«Процестерді интеллектуалды басқару жүйелері» және т.б. пәндерден сабақ алады.

Бағдарлама әлемнің жетекші университеттерінің бағдарламалары негізінде әзірленген. Студенттер электрондық-цифрлық жүйелерді қолдану және әзірлеу саласында, соның ішінде программаланатын логикалық интегралды схемаларды жобалау мен дайындау саласында дағдыларды қалыптастыратын пәндер кешенін меңгереді. Цифрлық құрылғылар технологияларына ерекше көңіл бөлінеді.

Зертханалық және практикалық жұмыстар негізінен компьютерлік техника мен арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану арқылы, сондай-ақ виртуалды зертханалық жұмыстарды пайдалану арқылы жүргізіледі. Қолданылатын бағдарламаларға «MathCAD», «LabVIEW», «MatLab», «Multisim», Electronics Workbench және зертханалық қондырғылар жатады.

Өндірістік практика жетекші компанияларда, оның ішінде «Сайман» АҚ, «Транстелеком» АҚ, LG және Cisco филиалдарында ұйымдастырылады. Ең үздік студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік университеттерде білім ала алады.

Бітірушілер инженер-электроншы, телекоммуникациялық жүйелердің жобалаушысы, автоматтандырылған және робототехникалық жүйелердің әзірлеушісі ретінде сұранысқа ие болады. Олар цифрландыру, автоматтандыру және робототехника технологияларын енгізумен айналысатын ғылыми-зерттеу, жобалау және өндірістік бөлімшелерде жұмыс істей алады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту