Геология және қатты пайдалы қазбалар кен орындарын барлау
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Инновациялық білім беру бағдарламасы, тау-кен геологиялық барлау, геологиялық кәсіпорындар үшін пайдалы қазбаларды түсіру, іздеу және барлау саласында ғылыми, эксперименттік-зерттеу, педагогикалық қызметке бағытталған ғылыми кадрлар даярлайды. Бітірушіге PhD докторы академиялық дәрежесі беріледі, мамандық германиялық ASSIIN бағдарламасы бойынша аккредитацияланған, диплом Еуропада бағаланады.
Докторанттар жер қойнауындағы геологиялық денелер мен пайдалы қазбалардың құрамы мен қасиеттерін зерттеу және талдау әдістерін, бұрғылау, тау-кен, геофизикалық, геохимиялық және зертханалық зерттеу әдістерін қашықтықтан пайдалана отырып, геологиялық түсіру, іздеу және барлау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізудің әдіснамалық негіздерін зерделейді.
Зияткерлік кәсіпкерлікке, экономиканың нақты секторы үшін қолданбалы жобаларды әзірлеуге және іске қосылған жобаларды коммерцияландыруға үлкен көңіл бөлінді.
Докторанттар ғылыми жетекшілердің басшылығымен ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді қатысады. Докторантурада оқу жоспарлары жетекші шетелдік университеттерде міндетті түрде тағылымдамадан өтуді қамтиды. Диссертацияны дайындау және қорғау отандық және шетелдік екі ғылыми жетекшілердің басшылығымен өтеді.
Докторанттар CERCAMS Natural History Museum (Лондон Ұлыбритания), State Key Laboratory of Coal Resources and Safe Mining of China (Пекин, Қытай), Томск политехникалық университетінде (РФ), Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесі В.С. Соболева атындағы Геология және минералогия институтында (Новосибирск, Ресей), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде (Мәскеу, РФ), Лоррэн университетінде (Франция), Тау-кен техникасы және технология институтында (Қытай), Санкт-Петербург тау-кен техникалары мен технологиялары институтында (Ресей), (Санкт-Петербург, Ресей), Адам Мицкевич (Познань, Польша), Оңтүстік федералды университеті (Ростов-на-Дону, Ресей) ғылыми тағылымдамадан өтеді.
Түлектер ғылыми-зерттеу орталықтарында, университеттерде, ұлттық және жеке геологиялық және тау-кен өндіруші компанияларда, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында зерттеу жүргізетін басқа да ұйымдарда оқытушылар, ғылыми қызметкерлер болып жұмыс істейді.