Геология және қатты пайдалы қазбалар кен орындарын барлау
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
M121 Геология |
Жалпы және тарихи геология |
Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы |
Тау-кен геологиялық барлау, геологиялық кәсіпорындар үшін пайдалы қазбаларды түсіру, іздеу және барлау саласында мамандар даярлау.
Түлектер 1,5 жылда оқу кезінде техника және технологиялар магистрі немесе 2 жылда оқу кезінде техникалық ғылымдар магистрі академичлық дәрежесін алады. Мамандық ASSIIN неміс бағдарламасы бойынша аккредитациядан өтті, диплом Еуропада бағаланады.
Магистранттар геологияның заманауи мәселелерін, органикалық геохимияны және палеобиомаркерлерді, петрология негіздерін, кен алаңдары мен кен орындарының құрылымын, платформалық және қатпарлы аймақтар шегінде МГМ қалыптастыру теориясын, Жерді қашықтықтан зондтауды үйренеді.
Оқу Surfer, Geosoft, ArcGIS заманауи компьютерлік бағдарламаларында жүргізіледі. Геологияның қазіргі заманғы мәселелері бойынша дәрістер мен консультациялар өткізу үшін шетелдік профессорлар, өндірістік компаниялар мен ғылыми-зерттеу институттарының жетекші сарапшылары шақырылады. Өндірістік практикадан өту үшін магистранттар геологиялық барлау, геологиялық-түсіру, мұнай кәсіпшілігі, гидрогеологиялық кәсіпорындарға жіберіледі.
Бітірушілер білуі тиіс:
- геологиялық материалдарды талдау және күтілетін кенденудің геологиялық-өнеркәсіптік түрлерін тану;
- кен орнын игеру жобаларын құру және геологиялық түсіру, іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын кәсіби ұйымдастыру;
- кенді перспективалы алаңдар мен құрылымдарды кешенді зерттеу, геологиялық-құрылымдық, шлихтік, геохимиялық және болжамдық-металлогениялық карталарды құру;
- анықталған объектілердің геологиялық-экономикалық құндылығын және іздестіру жұмыстарының тиімділігін анықтау.
Кен орындары бойынша деректер базасын құру, кен орындары мен кен денелерінің геологиялық, геодинамикалық моделін құру, қорларды есептеу дағдыларымен Micromine, Datamine, Leafprog мамандандырылған бағдарламалық кешендерінің озық пайдаланушысы дағдыларын алады.
Өндірістік және диплом алдындағы тәжірибе «Қазгеология», «Қазақмыс», «Қазмырыш», «Қазфосфор», «Майқайың-золото», «Қазатомөнеркәсіп», «Жәйрем КБК», «Асемтас», «Ізденіс», «Геоинцентр» және т. б. компанияларда жүргізіледі.
Магистранттар семестр бойы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Адам Мицкевич университетінде, Томск политехникалық университетінде, Фрайе университетінде, Лоррэна университетінде (Нанси, Франция), тау-кен техникасы және технологиясы институтында (Пекин, Қытай) білім ала алады.
Түлектер бас геолог, аға геолог, технолог, геологиялық партияның бастығы, учаскелік геолог, университетте жұмыс істейді. Магистратура бағдарламасы мамандық бойынша тереңдетілген дайындық береді. Теориялық курсты аяқтағаннан кейін білім алушылар кәсіпорындарда эксперименталды-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.